+2 дауыс
318 көрілді

Мысалы http://www.zhar-zhar.kz/restoran.html деп тұрған сөздің аяғында html сөзін қалай көрсетпейтін етіп, немесе қалай жоюға болады? Оны жоғалтқан сайттың іздеу жүйелеріне әсер ете ме? 

1 жауап

+1 дауыс

Айжан негізгі оның html деп тұрғанынан ешқандай зиянды емес. Мен бұл жерде оның html деп аяқталып тұрғанынан ешқандай айырмашылық байқап тұрғаным жоқ. Бұл жерде жасырын түрде SEO үшін жасалған арнайы плагиннің көмегімен істелініп тұрған жағдай. Яғни менің ойымша бұл жерде .htaccess атты файлға плагин өзгерістер енгізіп ұзақ адресті қысқаша етіп көрсетеді.

Сайттағы бүкіл амалдарды орындайтын PHP функциясы. Тиісінше мысалы пікір қалдыруды comment.php файлы орындайды. Ajax арқылы пікір қалдырғанда сайт жаңармай сол жерде ақпараттың базаға GET және POST запрос арқылы емес Ajax арқылы сол өрісте ақ енгізіле береді. Ал Ajax болмаса пікір енгізіліп zhar-zhar.kz/comment.php деген бетке жіберіп сонда базаға ақпарат енгізіліп Рахмет пікіріңіз енгізілді. Қазір сіз басты бетке өтесіз. ақпараты шығып немесе қате шықса ELSE Кешіріңіз сіздің ақпаратыңыз енігізілмеді. қате жазуы шығатын еді. Joomla болсын Wordpess болсын бұл CMS жүйесінің озық үлгілері болып саналады. Мұнда көпртеген мамандар Ашық код түрінде CMS-терді жетілдіріп жатыр.

Ал қайта html дегенге келетін болсақ.

http://www.zhar-zhar.kz/restoran/item/795-restoran-v-almaty-the-vitamins.html

http://www.zhar-zhar.kz/restoran/item/795

Екеуімен де кіріп көр айырмашылық жоқ. Барлығы бір ақпаратқа апарады. Себебі онда -restoran-v-almaty-the-vitamins.html қосымшасы маңызды емес. Бұл жерде Базадағы алынып жатқан post таблицадағы №795 ақпарат. Ол уникалды болады. Қайта адресте -restoran-v-almaty-the-vitamins.html деп қосылып жазылып тұрғаны SEO тұрғысынан жақсы салмақ береді деп оқығаным рас. Оның нәтижесін практикада байқап жүрмін.

Ресторан в Алматы: "The Vitamins" сұранысы. Алматы деген сөз бен almaty деген және The Vitamins деген мен the-vitamins деген адрестегі жирный болып тұрғанын қара. Бір біріне кішкене болса да салмақ қосады. 

Бірақ ең негізгі фактор ол title h1 description тегтері рөл ойнайтынын естен шығармаған дұрыс.

Қорыта келгенде оның html деп тұрғанынан ешқандай зияны жоқ. :)

рахмет :)
...