+2 дауыс
358 көрілді
Менің бір құрбым сәл нәрсеге уайымдап, өзінің әр істеген ісі,сөзі үшін өкініп жүреді. Мысалы: мана былай істеуім керек еді, олай айтпағанда ғой, қап...Біз үшін ол түкте емес, күлкілі, ал ол үшін бір үлкен қателік секілді, өзін-өзі құр босқа жегідей жеп, өзімен-өзі қиналып жүреді. Осы бір бойындағы жаман қасиетінен қалай арылуына болады екен?Яки, қандай жолмен өзін-өзі сабырға(ештене кетпейді деген сөзге) шақыруға болады?Сіздерден жақсы жауап күтеміз.
дәл мен сияқты екен,менде сондаймын.....осы қасиеттен менде арыла алмай жүрмін

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен осы сұраққа пікір жазып, ақылшы болғым келіп тұрған жоқ. Дегенмен, ойымды айтуға рұқсат етіңіз.

Дүниедегі ең ақымақ болып қалатын адам, ол - өзгермеуге тырыспайтын адам. Яғни, идеалды болып ешкім өмірге келмейді, барлығы бейімделеді. Сонымен қатар, уақыт өте келе, айналасындағы қоғамға қарап, адам өзі бой түзейді. Оған дейін, балалық кезінде көп дүние санасына сіңеді. Оларды бұзуға болады деген ойдамын.

Ол үшін, досыңызға еркін ойнап күлу, айқайлап ән шырқап, өз жаны қалағандай билеу жетіспейтін болар? :)

Адам өзіне сенімді адамның жанында ештеңеден қысылмайды. Жалпы, адам өмірге келе сала, өте көп кішкентай бала еркін, ойындағысын еркін айтатын, сезімін ашық жеткізетін, көңілі таза болып жаратылады. Неге осы қалыпты өле-өлгенше сақтап өтпеске? Әрине, бұндайды іштей барлығы да қалайды. Бірақ, күйбелең тірліктің әсерінен, көбі бұған мән бермейді. Бір сәт ойланайық... Барлық адам жақтаған жақсылық, ашықтық, әділдік деген ортақ ұғым бар емес пе? Бірақ, көп адам бұл қасиеттерді белгілі бір себептермен жасамайды. Көңілін қалдырып алам-ау, ұят болар, ана-мынау болар деп. Шындығында, сөйтіп ойлағанымен, сырттан қараған адамға оның жасап тұрған қылығы бәрібір жақпайды. Солай бола тұра, ол да мұнысын айтпайды. Сөйтіп, бір-біріне маскамен қарап алдайды.

Адамдар үлкен үш топқа бөлінеді. Бірі, үнемі өзін кінәлі жасау (2. Нейтрал, орынды кінәлап, объективті әділ қарау, 3. Пофигист). Ондай адамдарды косякқа отырғызуға, бір нәрсені міндет етіп мойнына іле салуға оңай. Және, егер отбасында үлкендер өзі үшін баланы солай тәрбиелесе, яғни айтқанын істету үшін күштеп істетіп, себебін түсіндірмей қайдағы бір түсініктермен лечить етіп отырса, бұл адам отбасынан шығып ертең қоғамға тап болады. сол кезде де әдебіне салып, өмірден опық жеп жүреді. Бұл жерде барлығын отбасына да жабуға болмайды, себебі, әр адамға ақылды басына бірден бере салмағанымен, ақылды болуға мүмкіндік берілген. Яғни балиғат жасынан соң жауапкершілік алу деген дүние тегін емес.

Ой таза, әділ адамдар, Сізден ешқашан қашпайды, біліп қойыңыз. Ренжіп, кек сақтап, жаман қылық танытып, лайықсыз тірлік жасайтындар тек трустар. Сондықтан, өз мүддеңізді қорғаудан, оны ашық айтудан ешқашан қаймықпаңыз. Бұл өмірлік талап.

Өмір өз ағынымен ағып кете береді, ал, Сіз өзіңізді ортада қалай ұстайсыз, біреуге жағу үшін бе, әлде өзіңізге көңіл бөлмей басқаның қызығушылығына тиесілі істі тындырып опық жеп жұресіз бе, әрине өз еркіңіз. Ең соңында өкінетін тек өзіңіз ғой.
Келісемін, бірсарынды айттыңыз. Авторды білмеймін, өзім жігерлендім сөзіңізден!
+1 дауыс
Адамға мінез сүйекпен бітеді, сүйекпен кетеді - дейді дана халқымыз. Адамның мінезін өзгерту мүмкін емес. Сондықтан, Айгерим, сен өз-өзіңді жақсартумен айналыс: біліміңді, денеңді, денсаулығыңды. Құрбың сенен үлгі алсын, басы істейтін болса :)
Айтқаныңыз орынды, алайда құрбым осылай жүре бергесін көмектесейін дегенім ғой!(бір жағынан қашанда паниковать етіп журеді да, шаршап кетем менде онын мінезінен()))
+1 дауыс
Егер оның бұл қылығы шектен шығу деп есептесеңіздер барлық құрбыларыңыз боп сол досыңызға әзілдеп болсын, қатты болсын бетіне басып айтсаңыздар болады. Мүмкін, түсінер ерсі қылық екенін.
...