+1 дауыс
4.8k көрілді
Ең маңызды органикалық тыңайтқыш қандай?

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Биогумус, буылтық құрттардың органикалық заттарды жеуі арқылы түзілетін құнды тыңайтқыш. Гүл сататын дүкендерде плодородная почва деп кішкентай пакеті 300 теңгеден сатылады. Жұмсақ әрі қап-қара түсті болады. Өсімдіктің астына кішкене мөлшерін сепсеңіз нәтижесін бір аптада байқайсыз. Бұл - табиғи тыңайтқыш. Органикалық тыңайтқыштардың синтетикалық, яғни қолдан жасалған түрлері болады. Олар пестицидтар деп аталады. Әсер ету жағынан фитогормондарға ұқсас. Сулы ерітінділерімен өсімдікке әсер етсе (жапырақтарға сепсе немесе суарса) өсімдіктердің бойы, тамыр жүйесі жақсы дамып, жеміс беруі 20 пайызға дейін артады. Мысалы, Алматыдағы Ә.Б.Бектұров атындағы химия ғылымдары институтында осындай биологиялық белсенді заттар жасалады. Олар қазіргі кезде агросекторда кең қолданыс тауып, фермерлер жағынан жақсы сұранысқа ие болуда.
0 дауыс
топырақ қа ия? органикалық тыңайтқыштардан көң.
0 дауыс
Бау-бақшаға арналған ең жақсы органикалық тыңайтқыштар малдың шіріген көңі мен құстың саңырығы.
...