+7 дауыс
3.4k көрілді
Сәлем, достар!

Мені қатты ойландырып жүрген қызық сұрақ бар. Осы кәдімгі адамның көз қанша мегапиксель болады екен? Бұл сұрақты орыстарды бірнеше рет қойған екен. Қазіргі техниканың дамыған заманында көздің мегапикселін анықтайтын құрылғы ойлап табуға болатын шығар. Сонымен, кім қалай ойлайды?
Жақсы сұрақ екен +1.
Хм) кызык сурак. Соны менде бiлгiм келед:-D

3 жауап

+2 дауыс
Әр адамның көзінің мегапикселі әртүрлі болады.Былайынша қараңғы түнде адамның көзі 1 км жерде жағылған сіріңкені көреді.
+3 дауыс
Тура 576 мегапиксель!Яғни көзіміз үлкееен панорама !
+3 дауыс

Қызық сұрақ негізі!

Адамның көз торларында 5 миллиондай түс ажыратқыш рецепторлар бар, яғни 5 мегапикселге шамалас. Бірақ миға тікелей қатынасатын, көріністің ақ-қарасы мен судай таза анықтылығын көрсетуге қатысатын тағы 100 миллионнан астам монохромды рецепторлар бар. Екеуін қосқандағы 105 мегапикселдің өзі адам көзінің шынайы пикселдік өлшемін шығара алмайды. Біздің көзіміз - фотокамера емес қой. Үстіңгі жауапта айтып кеткендей 576 мегапикселге шамалас панорамалық күйде болады.

Адамда екі көз бар, екеуі бір уақытта белгілі бір затқа қараса, тура фотокамерадағыдай фокус жасайды. Ал ол миға 3 өлшемді бейнекөрініс ретінде жіберіледі, яғни 3D. Қазіргі жәй 3D мен IMAX 3D фильмдері қосарласқан камелармен түсіріледі. Тура адамның көзіндей.

P.S. Шынына келгенде, адамның көзінің өлшемін фотокамералық өлшемдермен салыстыруға болмайды. Өйткені, адам ол адам, фотокамера ол сандық құрылғы, біз робот емеспіз ғой. laugh

Робот емес екеніміз анық. бірақ адамның көзі әйтеуір бір пиксельді құрайтыны анық:
менің айтпағым: оның өлшем бірлігі пиксел емес, басқа өлшемдермен өлшенуі керек.
гигамен ба,
:D , жоқ километрмен (rofl).
...