0 дауыс
2.3k көрілді
Қазіргі кезде жасөспірімдер арасында жүрек ауруы бар.Сол жүрек ауруына не себеп?
Таңшолпан. Жүрек ауруының түрлері көп. Сен қайыссы туралы айтып отырсың?
блмим..айтеур журек ауруынын себебин блгим келеди...кайсысы болса да любой
Сұрақты не үшін қойғаныңды өзің білмейсің...

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Жүректің тыныштығын бұзатын, яғни дертке душар қылатын қылықтардың бірі – Алла харам еткен заттарға көп қарау. Бұлай ету адамды соңында харамды қоштауға апаратын жаман жол. Өйткені, адамның жүрегіне өзі сүйсініп қараған нәрсесінің бейнесі түседі. Ал, жүрекке харам заттың (іс-қылықтың) бейнесін түсіру ауруға ұшыратады. Харамға қарау – шайтанның улы оғы. Ондай жүрек Ібілістің билігіне өтіп кетеді. Ол малғұн жүрекке түскен харамды әсемдейді, оған деген пенденің құрмет сезімін лаулатады, ақырында адамды Аллаға емес, жүрекке түсіп кеткен затқа (өнер, сурет-мүсін, поэзия, ән-жыр… т.б. құмарлықтар) табындарып қояды. Сөйтіп жаман нәрсеге (Алланы ұмытатын) алданған жүрек, жақсы істерді (Алла қалаған) атқаруды тастап қояды да, ол адам өз нәпсісіне еріп кетеді. Үлкен оқымысты ғұламалар, «жүрек пен көздің арасында өткел бар. Егер көз жамандыққа қараса жүрек ауруға шалдығады. Күл-қоқыс нәжістер жиналған жерге айналады» деген екен. Қысқасы, харамға қарау – жүрекке қараңғылық әкеледі. Харамға көп қараған адам – хақ пен жалғанды, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны айыра алмай қалады. Үлкен ғалым Салахадин мырза: «Кімде-кім сыртқы көрінісін сүннетпен толтырып, ішкі дүниесін Құдай көріп тұр деумен харамнан тыйса, күмәнді нәрселерден аулақ жүрсе, адал ризықпен тамақтанса, Алла оның жүрегіне жақсылық нұрын береді» деген.

Екінші бір жүрек дертіне себеп болатын нәрсе – орынсыз көп сөйлеу. Яғни тілдің апаты. Әбу Дарда: «Тілің мен құлағыңды бақыла, тілің көп сөйлемесін, құлағың көп тыңдасын» десе, ғалым Хасан Басри: «Шын мәнінде мүміннің тілі жүрегінің арғы жағында орналасқан. Егер ол сөйлегісі келсе, алдындағы жүрегімен ақылдасады. Ал, екіжүзді адамның тілі керісінше орналасқан» дейді. Демек тіл апаты дегеніміз – өсек-өтірік айту, ғайбат сөйлеу, жалған мақтау, мақтану, біреудің абыройын төгу… т.б. Бұндай кеселдерді шайтан жүрекке қарай итермелеп тұрады. Бұдан құтылудың жолы аз сөйлеу, орынсыз сөз айтпау. Үндемеген адамның – ойлануға, ғибадат-құлшылық жасауға уақыты көп болады.

Үшінші бір себеп – артық тамақ жеу. Аз тамақ жүрекке қуат береді. Қарынның тамаққа үнемі толып жүруі адамның күнәдан сақтануына кедергі. Кімде-кім қарынын астан босатса, яғни сақтаса, өзін жамандықтан сақтаған, қорғаған болады. Тойған қарынның иесі – шайтан. Ерте кезде тойып тамақтанудан сақтану үшін бәни исрайл қауымы, «көп тамақ жемеңдер, жесеңдер көп су ішесіңдер, көп су ішкен адам көп ұйықтайды, көп ұйықтаған адам қасіретке душар болады» деп, күнделікті бір адамды айғайлатып қоятын болған. Атақты ғалым Ибраһим ибн Адхам: «Кімде-кім өз қарынын көп тамақ жеуден сақтаса, дінін сақтағаны. Кімде-кім аштыққа дағдыланса көркем мінезді игереді. Күнә аш адамнан алшақ болады, тоқ адамға жақын жүреді» депті.

Төртінші себеп – адамдарды талғамай артық қарым-қатынас жасау екен. Кім көрінгенмен талғамсыз араласу – адамды жақсы нығметтерден айырады және жүректен кетуі қиын оқиғаларға (ауруға) тап келтіреді. Сол себепті адам өзіне және иманына қиындық тудырмайтын адамдармен ғана етене араласуы керек.

Толық ақпарат мына жерде.

0 дауыс
Əртүрлi себеп. Денсаулығына салғырт қарау, экология, т.б. (өз ойым)
0 дауыс
Жалғыз олар емес, кішкентай балаларда жүрек ауруымен ауырады. Оның бірде бір себебі артық салмаққа душар болғандар
...