+1 дауыс
2.4k көрілді
Көзден қан ағады деп естідім ол қандай ауру?Жұқпалы ма?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Әрине ондай аурулар көп! Сенің айтқаның және соған мысалдар келтіре кетейін қысқаша! Үндістанның Джаркханд атты штатындағы бір ауылда тұратын 19 жасар Савитридың көзінен жас орнына 15 жасынан бастап майда тастар шыға бастаған. Бұл кереметтің жұмбағы да шешусіз қалып келеді. Ал жергілікті тұрғындар:"Савитри әруақтардың қаҺарына ұшыраған",-дейді.Ал Савитридың өзі:"Бұл маған берген Құдайдың сыйы емес",-деп түсінеді.Өйткені көзінен тас түсер алдында басы қатты ауырып,мазасызданады екен.Тастар Савитридің көзінен ғана емес,тіпті мұрны мен құлағынан,аузынан да түсетін көрінеді! Енді сен айтқан фактке мысал: Ал Үндістанның солтүстік шығысындағы Патна қаласының тұрғыны Рашида Хатунның көзінен бір күнде бірнеше рет қанды жас ағып тұратынын көпшілік жақында ғана білді. Рашида тілшілерге берген сұхбатында:"Көзімнен қанды жас аққанда ешқандай ауырғанды сезбеймін.Бірақ қорқынышты екені рас",-деп жауап берген. Бұл құбылысқа қарсы не шара қолданарын білмей дәрігерлер де дал болса,жергілікті дін өкілдері ол қызды Құдайдың сүйген нағыз құлы екенін уағыздауды бастады. Соның әсерінен тірі қыздың алдына келіп зиярат етушілердің қатары күн санап еселеп арта түсуде. Рашиданың отандасы 13 жасар Твинкл Диведидің де көзінен,мойнынан және өкшесінен күніне бірнеше рет қан ағады.Оның да емін дәрігерлер таба алмаған.Қыз қансырап өліп кетпеуі үшін дәрігерлер оған қан құйып отырады. Алжирдың Маскара қаласында тұратын 23 жасар Хинд Муджаха деген студент қыздың көзінен қанды жас аққанына 7 жыл болды.Ол жергілікті банкте істеп жүргенде,оның көзінен аққан қанды көріп қалып,еден жуушы әйел шыңғырып жіберген.Содан дәрігерлер қызды арнайы зерттеу орталығына апарып,бұл құбылыстың сырын ашуға бірден кірісіп кеткен. Бірақ дәрігерлер оның бойынан аурудың ешқандай белгісін таба алмағандықтан "Белгісіз бір аурудың түрі"деп қызға диагноз қояды,бір қызығы Хинд жарықтан қорқатын болған,кейде жүрегі айнып,құсады.Бүгінде қыз:"Меккеге қажылыққа барсам,бұл аурудан құлан таза жазылып кетермін",-деп үміттеніп жүр. Міне осыған ұқсас мысал жетерлік мұның барлығы шындық,бірақ бұған таңғалатындай нәрсе емес бұл да бір аурудың түрі болар,себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с) кез келген аурудың емі бар тек қана қартаюдан басқасы деген сондықтан бұған шошудың қажеті жоқ!
+2 дауыс

Көздің қан тамырларының қызарып талаурағаны болмаса мен көзден қан ағатын ауру туралы естіген емеспін. Бірақ қазақта бір өзі біреуге жамандық жасап ертесіне түк білмегендей көлгірсіп жылап отырған адамдарға қарата " Көзіңнен жас орнына қан ақсын" - деген жаман қарғыс барын білемін.

...