0 дауыс
Жәндіктерді жейтін гүл бола ма?Яғни жәндікті ұстап алса,жабылып қалады?Кезінде естуші едім сондай гүлді.Әлде өтірік пе?
17.08.2013 2.3k қаралым

1 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Жәндікқоректі өсімдіктер жәндіктермен қоректенетін автотропты өсімдіктер. Жәндікқоректі өсімдіктердің негізінен тропиктік аймақтарда кездесетін 6 тұқымдасы, 500-дей түрі белгілі. Қазақстанда 3 туысы, 6 түрі бар. Жәндікқоректі өсімдіктер өздерінің қорегін аулау үшін олардың организмдері әр түрлі және күрделі жағдайларға бейімделген. Мысалы, дүңгіршек жапырақтарында саңылаулары болады, оның қалқаншасы ішке қарай ашылады да, ұсақ жәндіктер оған кіре алғанымен, кері шыға алмай, өсімдікке қорек болады. Тропикте өсетін непентестің жапырақ сағағы құмыра тәрізді болады, оған қонған жәндіктер құмыраның жылтыр ернеуінен өсімдіктің ішіне сырғып түседі де шыға алмайды. Ал дәнелдің (альдрованда) жапырақтарын жабысқақ зат шығаратын қызыл түсті бездер қаптап жатады, оған қонған жәндік кері ұша алмай, өсімдікке жабысып қалады. Шықшөптерден шығатын хош иіске жәндіктер қонған кезде, олардың жапырақтары бүктеліп, жәндіктерді қысып қалады.
17.08.2013
сонда Қазақстанда да өсе ма?Егуге бола ма екен?Масаны жей ма екен))
Маса гүл шырынымен көп қоректене бермейді. Себебі оның ауыз қуысы қадап соруға арналған түтікшеге айналған. Сондықтан ол жыртқыш өсімдіктің қармағына қонбай-ақ сабағына инесін қадап қоректене береді. Ал егер гүліне қонар болса әрине еккен жыртқыш өсімдігіңіз сізді масадан құтқарады. ))
аа рахмет))
127,958Сұрақ
322,877Жауап
153,169Пікір
72,985Қолданушы