+5 дауыс
557 көрілді

СЖ - ға кіргенде жалпы жаңадан берілген сұрақтармен қатар міндетті түрде жауапсыз сұрақтар бөліміне өтіп бір қарап шығамын. Кейде ішінде қарапайым сұрақтар да жауапсыз қалып жатады, шамам келгенше жауап жазған боламын. Бірақ сонда да жауапсыз сұрақтар азаяр емес. Мүмкін бәрімізде осыны әдетке айналдырып, СЖ есігін ашқанда осы бір жауапсыз сұрақтар бөліміне бас сұғып отырсақ мүмкін азайтар ма едік деген ой бар. 6400 шамасында жауапсыз сұрақ бар екен, соны азайтсақ сайт тазалығына әжептеуір қосқан үлес болар едік. Қалай ойлайсыздар?

7 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Өте жақсы бастама. Сізбен толық тай келісемін. Мен де бүгіннен бастап мейлінше күніне 4-5 сұраққа жауап беруге тырысатын боламын. Әттең қазіргі кезде үлгере алмай жүрмін, мен жұмыс жасап жатқан компанияның жұмыстары бар, СЖ-ның әлеуметтік желіде SMM жүргізу, сайттың техникалық проблемаларын шешу барлығы жауап жазуға қолды байлап жатыр. Бүгіннен бастап мен де жауап беріп, жауапсыз сұрақтардың санын кемітуге барынша күшімді салатын боламын. Жағымды жаңалықтарым бар, күз айларының бірінде жаңа сервер алатын болып күшеніп отырмын :)  Жаңа сервер алған соң сайтымыз сыр бермей жылдам істейтін болады, артынша көптеген жаңартуларды іске қоспақшымын. Ол жаңа мүмкіншіліктерді қосайын десем серверден күш талап етеді, ал оны қазіргі ВПС көтере алмағандықтан қоспай отырмын. Не де болса биылғы жылдың соңына дейінкөптеген өзгерістерді сайтқа енгізбекшімін. Алда құдай қаласа СЖ-ның 3 жылдығы келе жатыр, оны да жақсы бір жағымды нәрселермен өткізбекшіміз. Тым болмаса да осы уақытқа дейін бізбен бірге келе жатқан аса құрметті қолданушыларымызға және жаңа буын қолдагушыларының біршамасына СЖ-ынң логатипі бар футболка немесе т.б. заттарды істетіп силыққа беремін боламыз.

Сізге де үлкен алғыс Жако ағасы. Біз секілді өсіп келе жатқан жас буын жастарға ақыл кеңесіңізді айтып жол көрсетіп келесіз. Рахмет.
Ербол, сен жауапқа, қателерді өңдеуге алаңдамай, бар күшіңді сайттың техникалық жағын көтеруге жұмсағаның дұрыс болар, ең бастысыда сол емес пе? Ал майда шүйделерге мамандар да жетеміз деп ойлаймын.
+1 дауыс
дұрыс, бірақ жауапсыздардың ішінде 12,11 жылғы сұрақтарға жауап берсем қарсы болатындар бар ғой. балл жинағың келіп жүр ма деп. ал қазіргі уақыттағыларына жауап берейін десем нақты жауабым жоқ берер.
Елеке, бұрынғы сұрақтарға да жауап бере беруге әбден болады, ол даже сауапты іс. Ал айтатындар айта берсін, сенің еңбегіңде не жұмыстары бар? Жауаптың мол болғаны сайтқа да, қолданушыларға да жақсы. Мейлінше жауапты мол қылуға тырысайық. Анда - санда адамдар өз бұрышын ашып осы мен қанша сұрақ қойдым, қанша жауап бердім деп қарап тұрса тегі жақсы болар еді.
+2 дауыс
Мына жерде неше жылдық тәжірибесі бар ағаларымыз жазған екен,онда басқа айтатын әңгіме жоқ! Менде қолымнан келгенше жауап беріп өз үлесімді қосудамын! Мынадай конкурс,жарыс болса қалай болады екен ең көп сұраққа жақсы жауап берген, т.б нәрселер өтіп соған сыйлық тағайындалса қалай болады екен! Жеңімпаз адамға бір үлкендеу сыйлық берілсе өз ойым!:D
Күзде болады деп уәде еткенмін. Уәдемде тұрамын, қыркүйек айының соңына қарсы ұйымдастырамыз.
+1 дауыс
Жақсы ұсыныс. Өз басым қолдаймын. Басқа қолданушыларда қолдайды деген үміттемін. Бірақ мен СЖ-ға уақыт таба алмай жүрмін. Тек арасында ұялы телефонмен үш-төрт сұрақты қарап өтемін. Ал былай өңдеугеде уақыт болмай жатыр. Оның үстіне жақында оқу басталмақ. СЖ-ға күніне бір кіруге болсада уақыт табуға тырысамын :).
+1 дауыс
Мен мүлдем қарамайды екенмін.Енді қарайтын боламын.
+1 дауыс
Жауапсыз сұрақтардың басым көпшілігі мағынасыз сұрақтар, жауап бере де алмайтын. Мен де кейде ашып қараймын. бірақ үнемі емес.
0 дауыс

Бірақ қарап шығамын.Өзімде азайтуға үлес қосамын.Кейбір сұрақтар жабылғандықтан жауыпсыз сұрақтарға еніп қалады.

...