+1 дауыс
1.6k көрілді
темекі тартқаныма 7 жыл болды калай тастауға болады? Спортпен айналыссамда қоя алмадым жаттығудан шыққан кезде темекі тартқым келіп тұрады. сондықтан спортпен айналыс қойып кетесін деп айтпайақ қойсаңыздар

6 жауап

+2 дауыс
А.И.Бабурин ережесі: 1. Ашқарынға темекі тарпаңыз. 2.Тамақ ішер алдында 1-1,5 сағат бұрын темекішекпеңіз 3.Тамақтанып болған соң, темекі тарпа 4. Темекі тартуға ниеттенсеңіз, уақыт созып кейінге қалдыруға тырысыңыз 5.Шылымға деген ниетіңізді басқаға аударыңыз. Мысалы:су немесе шырын ішіңіз, сағыз шайнап жеміс жеңіз. 6.Темекі қорабын алысқа, қол жетімсіз жерге қойып қойыңыз. 7. Өзіңізбен бірге сіреңке немесе темекі алып жүрмеңіз 8.Шылым тартқанда шылымды ауызда (ерінде) ұстамай, қолыңызға жиі алыңыз 9. Темекі демін терең тартып іште ұстауды доғарыңыз 10. Темекіні толық шекпей жартылай тартуға дағдыланыңыз 11. Қасыңызда 2-3 адам темекі шегісіп тұрса, олардан аулақ тұруға тырысыңыз 12.Темекіні қораптап, бума-бумасымен сатып алмаңыз 13. Темекі сортын ауыстырп тұрыңыз 14.Шылымды тік тұрып шегіңіз 15. Қолыңыз бос болмаса шылым тарпаңыз 16.Әр нәрсені күту кезінде шылым тарпаңыз 17. Көшеде жүргіншілерден темекі сұрамаңыз 18. Бөтен адамдардан темекі алмаңыз, беріп тұрса да Толығырақ http://www.on.kz/u34034/blogpost/18041/ осы сілтемеде.
жауабыңа рахмет бірақ мен олары істей алмаймынғой темекі шеккім келсе еш нарсеге қарамаймын темекі шегуім керек айтпес нервный болып еш нарсе істегім келмей тұрады. қарның ашса тамақтан басқа ешнарсе ойламайсыңғой сол сияктығой.
+1 дауыс
аптекада НИКОРЕТТО дейтін плстырь немесе дәрісі бар сол жақсы көмектеседі
+1 дауыс
Шығыс медицинасының көмегіне жүгінгенің дұрыс шығар. Мысалы рефлексотерапия,яғни ине шаншу арқылы темекіге деген құмарлықты азайтуға болады Бұған қоса өзіңде темекіні қоямын, темекіні тастаймын деген жігерің мықғы болу керек.
+1 дауыс
Темекі тастау онай, көбісі Аллен, К кітабын оқы дейді,
+2 дауыс
Темекі бұл-есірткі. Темекіні тастау үшін берік болыңыз. Уәденізде тұрыңыз. Екі досыңызбен бірге тастағаныныз жөн. темекіні аузыма алсам тыйым сал деп досыңызбен келісіныз. 1- Темекіні тастауға нақты, үзілді-кесілді шешім қабылдап бұл жолда қалауыңызды соңына дейін қолдануыңыз керек. 2-Темекіні бірден тастаңыз! Өйткені бірден тастап кетудің іске асқаны көп тәжірибеден өткен. Бірден тастай алмайтын адам ақырындап, аздап тастауы керек. 3- Ең алдымен, темекі шегетін және сізді темекіге тартатын достардан және олармен бірге болатын орталардан алыс болыңыз. (шайхана, ойынхана т.б.) 4- Темекі шектіретін және темекіні еске салатын барлық нәрседен ұзақ болыңыз! (Темекінің қорабы, сіріңке секілді) 5- Сізде темекі шегу қалауын оятатын тағамдардан және сусындардан ұзақ болыңыз. Жалпылама жеміс, көкөніс және сұйық тағамдарды тұтыныңыз. 6- Әсіресе темекі шегу қалауы көбейген кездерде бір шыны (стакан) су ішіңіз! 7- Жоспарлы, жүйелі және белсенді (активный) өмір сүру түрін қабылдаңыз! 8- Сізді стресске түсіретін тақырыптардан және талас-тартыстардан ұзақ болыңыз! 9- Бос уақыттарыңызды пайдалы істермен және ашық (таза) ауада жүрумен өткізіңіз. 10- Мүмкін болса бірнеше достарыңызбен бірге тастаңыз! 11- Темекіні тастағаннан кейін әр өткен күні денсаулығыңызға зиян бермейтініңізді, қайта пайда әкелетініңізді ойлап өзіңізге болған сенімді нығайтуыңыз керек! 12- Бұл арада салмақ қосудан қауіптелінетін болса шекерлі, тұзды, ұнды, крахмалды және өте майлы тағамдардан ұзақ болу керек. 13- Жүйке жүйелерінің қуаттануы үшін және дененің қарсы тұру қабілетін арттыру үшін“В” витаминіне қанық азықтармен қоректену керек! 14- Түнгі өмірден ұзақ болу керек! 15-"Бір дана темекіден не қылады" деген сияқты ұсыныстарға алданбаңыз! Өйткені бұл бір ғана темекі бұл жолдағы бүкіл еңбектеріңізді босқа кетіруі мүмкін екендігін ұмытпаңыз! 16- Қазір кейбір дәрілер де шыққан. Темекіні тастауда көмектері бар. Бұл кенестерді де көрініз. Темекі тартқыңыз келіп, мұрныңыз қышып жатса деп бастайын әнгімені)))) Кәмпит жеп жіберу керек, болмаса шемішке шағу керек. Бір қорап темекі мен 1 стақан сүтті алып,қорапиың ішіндегінің бәрін сүтке салып қою керек. Көп емес,темекінің ішіндегісі кішкене ылғалданса болды. Сосын сүттен алып,темекіні кептіру керек. Кепкен соң шегіп қара. Жүрегің айнып,біраз уақыт жоламайсың,темекіні тастап кетуіңде мүмкін(ол жағы адамның өзіне байланысты). Ең бастысы сөзінде тұра біл. Әлемде милиардтаған адам темекі шегеді. Мен сонын бір адамы болса да көмегемімды бергеніме қуаныштымын.
+1 дауыс

Темекіден уланған, қабынған өкпелердің суретін үйіңдегі әр бөлмеге іліп қой!

Ұқсас сұрақтар

...