0 дауыс
40.1k көрілді
Беттегі безеуді (угри) қалай кеткізуге болады?

7 жауап

+2 дауыс
Әдетте безеу атаулы май бездері орналасқан иек пен маңдайға, екі жауырынға және желке тұстарға жиі шығады. Безеу терінің ұсақ тесіктері май бездерінің әсерімен бітеліп, сырттан инфекция түскен жағдайда пайда болады. Микроб түскен жер іріңдеп, нәтижесінде жараға айналады. Мұндай күтпеген жерден шыға келетін «қонақтар» құр шықпайды. Ол адамның жеген тамағы мен тіпті жүйке-жүйесінің жағдайына да байланысты пайда болатын көрінеді. Адам қатты қобалжыған кездерде май бездері қарқынды жұмыс істейді. Соның салдарынан безеу де көптеп шығады. Мұндай «сұрықсыз қонақтардан» құтылу үшін күніне екі мезгіл бетті жақсылап жуып, таза ұстау қажет. Жуынуғаәдеттегі сабынды пайдаланбай, бетке арналған сабынмен немесе әртүрлі сұйықтықты (гель, молочко) пайдаланған дұрыс. Мамандар бетті 1-2 % салицил қышқылымен сүртуді ұсынады. Ол теріні құрғатып, майлануға тосқауыл жасайды. Бірақ бұл әдісті күніне екі рет қана қолдану керек. Жәнеқышқылмен сүрткен соң бетті нәрлендіретін маскалар пайдаланған жөн. Өйткені салицил қышқылы тым құрғатып, беттің қабыршықтануына жол ашады. Сондай-ақ безеуден арылуға түймедақ гүлдеріде көмектесетін көрінеді. Білгіштердің пайымдауынша, қайнатылған түймедақ тұнбасымен бетті жуып тұрса, ол әлпетке әр беріп, терінің бұзылуынанқорғайтын көрінеді. Бұл өз кезегінде безеудің шығуына тосқауыл болады. Тіпті бұл әдісті күніне бес-алты рет іске асыруға болады. Себебі мұның бет терісіне еш залалы тимейді. Сонымен бірге дәріханаларда сатылатын саздан (глина) маска жасап тұрған жөн. Ол бет терісін тазалап, пайда болып келе жатқанбезеу орнын кептіріп, қара дақтардан арылуға септігін тигізеді. Мұндай маскалар сонымен бірге беттің қызарғаны мен ісігін басады. Косметологтер беттегі және денедегі безеулердің шығуына жеген тамақтың да көп әсері бар деген пікірде. Майлы тағамдар, спирттіксусындар да өз кезегінде бетке түрлі дақтардың, бөрткен мен безеулердің шығуына жол ашуы ықтимал. Қаперіңізде болсын! Мамандар бетке шыққан безеуді сықпағанжөн деп есептейді. Оны сыққан жағдайда инфекция теріге жайылып, үлкен жараға айналып кету қаупі бар. Мұндай жараның соңы беттің әрін кетіріп тұратын тыртық қалдыруы әбден мүмкін. Ең қауіптісі, қанға инфекция түсіп, денсаулыққа айтарлықтай нұқсан келуі өтірік емес. Ақпарат http://kaz.classtime.kz/node/260 осы жерден алынды.
0 дауыс
Уақыты келегенде, үйленгенде кетеді))
0 дауыс
ол үшін үйлену керек. безеу деген организмде андроген деген гормонның көп түзілуінің салдарынан шығатын нәрсе ғой.
0 дауыс
Угриді проблема қылудың керегі жоқ. Оны бірнеше жолмен емдеуге болады. Ия, бұл туралы қазақ тілді сайттарда аз мәлімет болуы мүмкін. мына жерде емдеудің 10 шақты түрін көрсетіпті. Кіріп көріңіз. Қазір барлығы орысша біледі деген сенімдемін. ақпар орысша. бірақ пайдалы. http://v-obshem.blogspot.com/2013/08/trick-1-elmers.html

Сжимая их

Лечение ватным тампоном

Зубная щетка и паста

Сок лайма

Яичный белок

Оливкового или миндального масла Trick

Пар и увлажняющее лечение

Сок лайма и соль

Помидоры Trick

Очищающее молочко

Желатина и молока

Зубные пасты и соли
0 дауыс
Безеуді кетіру үшін оған системалық ем керек және терді күту. Осы сілтені оқыныз мүмкін көмектесер - http://askabak.tomas.kz/p/285702-bezeudi-ketiretin-ugri-stop/

Жалпы бізде климат және жаман су болғандықтан.

1. Тер тез майланса оны кептіру керек яғни әр екі сағатта терді сабынмен жуу кәдімгі балалар сабынмен.

2. Аптасына бір рет орсы моншаға түсу ол өте терге пайдалы жалпы денге және терге.

3. Майлы тамақты азайту керек.
0 дауыс
Угриден құтылу қиын нəрсе емес. Одан құтылу үшін кəдімгі аспириннің екеуін алып 1 шəй қасық суға ерітіп угри шыққан жерге жағу керек. Сосын оны екі минут ұстап шайып тастау керек. Осы əдісті бірнеше рет қайталап тұрса угри өзі-ақ кетеді. Неізі аспириннің пайдасы көп.
0 дауыс
Калаи кетыруге болады Безеуды
...