+1 дауыс
988 көрілді
Сатылмаған не қалды осы күні?! Ар, Ұят, Намыс... адамға не құндының бәрі-бәрі ақшаның жолында құрбан болған қоғам болды ғой бұл. Арын сатқан – бәрін сатады. Тіпті Отанын да. Селт етпейтін болдық бұған. Етіміз өліп кеткен. Әйтпесе, Отанын сату дегеннен асқан ауыр сөз бар ма?
Сұраққа берілген жауаптардың БІРЕУІ ұнаса, ӨЗІҢІЗ жақсы жауап таңдауыңызға болады.
Белгісіз

3 жауап

0 дауыс
Иә дұрыс. Айтады ғой "Алтын көрсе періште жолдан таяр"-деп. Ақша деп бәрін ұмытып жатырмыз кәзіргі заманда. Оның ішінде ұят та, намыс та, Отан да, иман да, тіл де, дін де бар!
+3 дауыс
Бұрынғы қоғам туралы ештеңе айтпаймын, себебі ол кезде өмір сүрмедім. Болашақты болжай алмаймын. Дәл қазір, сатудың түрлері өте көп екені белгілі. Адам, жер, Отан деген ұғымдар қазіргі нарықта тек қана құрал ретінде белгілі бір терминдермен қарастырылады. Бұл капитализмнің басты қозғалтқышы. Бірақ, мына сұрақта жазылғандай, барлығы сатқын болып кеткен жоқ. Жақсы адамдар да жетерлік. Соларға қарап шүкір етіп, ешқашан берілмеу керек. Кім соңына дейін шыдап қалса, жеңіс соның қолында. Демек, заман сонікі болмақ. соның айтқан шарты мода болмақ. :)
0 дауыс
қазіргі кезде бәрінде сатып жатыр...баға жетпес асыл құндылықтарын да, тілін де, дінін де...барлығы ақшаның құлы болған...заман адамды емес, адам заманды өзгертіп жатыр...

Ұқсас сұрақтар

...