0 дауыс
3.0k көрілді
Алматы қаласындағы Сәтпаев атындағы ҚАЗҰТУ университетінде финанс факультетінің 1 жылғы оқу ақысы қанша болады???

1 жауап

0 дауыс
Батыста беделді саналатын медицина мамандықтары қазақстандық оқу орындарында да ең қымбат мамандықтар қатарында екен. Мәселен, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті талапкерлерді өздеріне шақыра отырып, жылына 621 500 теңге төлеуді ұсынады.  Ал Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде білім алу одан да қымбат – жылына 800 000 теңге.  «Премиум» тізіміне кіретіндерге – халықаралық қатынастар, экономика және құқық факультеттері жатады. Мәселен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да олардың құны 635 800 теңгеге тең.  Халықаралық бизнес академиясы да арзан емес – мұнда білім алу  үшін 597 мыңнан (құқық факультетіне) 707 000 теңгеге дейін (экономика факультеті) шығындалу қажет. Халықаралық бизнес университеті (UIB) болашақ экономистерге 455 000 теңгелік планка қойған, «Тұран» болса – 390 000 теңге. Мансабын халықаралық қатынастармен байланыстыруды және Сүлеймен Демирел атындағы университетте білім алуды шешкен студенттер анағұрлым көбірек төлеуге мәжбүр – 825 000 теңге. Абылай хан атындағы халықаралық байланыс және әлем тілдері университетінің «Халықаралық қатынастар» факультеті үшін бір жылдық оқу құны – 600 мың теңге. Дәл осы оқу орнында жүріп, Қытай Халық Республикасы жоғары оқу орнының да дипломын қоса алғыңыз келсе, онда 650-700 мың теңге төлеуге тура келеді.  «Халықаралық қатынастар» мамандығы  Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де  – 325 000 теңге. Соңғысы  халықаралық байланыс мамандығымен бірге халықаралық құқықтану мамандығын қоса ұсынады.

Өз кезегінде ең арзан факультеттерге – Тарих, Философия, География, Механика-математика факультеттері жатады. Жоғары білімі бар маман болып шығу үшін жылына 200 000 теңгеден (Қонаев атындағы университетте) 500 000 теңгеге дейін (ҚазҰУ-да) қаражат болса жеткілікті. Шамамен болашақ мұғалімдердің де оқуы осынша тұрады.Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті жалпы 6 факультетке негізделген және кез келген мамандықтың оқу құны 300 000 теңге тұрады. «Педагогика және психология», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандықтары бойынша Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алу – 396 000 теңге. Ал егер архитектор мен құрылысшыға оқығыңыз келсе, онда Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында 370 мың мен 410 мың теңгеден басталады, ал ҚазҰТУ-да 352 000 мен 464 000 арасы. Бүгінде сұранысқа ие мұнайшыларды Атырау қаласында 350 000 теңгеге (жылына)  маман дайындайды.  Мұнай-газ мамандықтары Алматыдағы ҚазҰТУ-да болашақ мұнайшылар үшін бір жылдық оқу ақысы – 528 000 мың теңге.  Жылына 484 680 теңге төлеу мүмкіндігіңіз болса, Алматы энергетика және байланыс университетінде қалаған мамандығыңызды меңгере аласыз: ақпараттық жүйелер, жылу энергетикасы, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері және тағы басқа. Физик-ядерщик, эколог, биотехнолог болу мүмкіндігі Гумилев атындағы университетте бар – бакалавриат (жылына) 630 000 – 650 000 теңге аралығында.  Дәл осы бағаға Гумилев атындағы университетте аударма ісі, журналистика, дизайн және туризм факультеттерінде білім алуға болады.
...