Протеин деген өзі аты айтып тұр,белок,қазақшасын " ақуыз" деп айтып жүрміз. Ақуыз амин қышқылдарынан тұрады. Егер өсімдік протеиндерімен тамақтанғың, келсе,онда бұршақ,соя,лобия,маш чечевица сияқты тағамдардан көжелер,салаттар жасап жеп жұрген дұрыс. Егер жануарлардың протеині керек болса, онда жылқы сиыр, қой, тауы ж.т.б еттерінен жасалған тамақтарды жеген дұрыс.Диетологтар протеиннің ең пайдалысы бөдене жұмырқасы мен ірімшік сары суында болады дейді. Бұл дәлелденген ұжырым, себебі протеиннің бұл түрлерінде амин қышқылдарының ерекше түрлері бар. Бұл ерекше амин қышқылдар адам ағзасында биохимиялық ,биофизиологиялық процесстермен түзілмейді, тек ағзаға жеп жүрген тағамдарымыз арқылы енеді.Бұларды "алмаспайтын аминқышқылдар" дейді Ірімшік сары суымен бөдене жұмыртқасының протеині осы алмаспайтын аминқышқылджарынан тұрады.Бұлардың адам ағзасына пайдасы көп. Мысалы қан аздыққа, ұмытшақтыққа,иммунитетті көтеруге, ет жинауға, күш жинауға , суыққа, ыстыққа төзімділікке, жүйкенің мықты болуына бауырдың,қан тамырлардың қызметін жақсарту үшін пайдалануға болады. Бөдене жұмыртқасын шала пісіріп,шикілей пайдалану,әсіресе жас сәбилер үшін өте пайдалы. Осыны есте сақтаңдар ,және балаларыңның тамағына пайдалансаңдар балаларың ақылдыыы болады.