Омыртқам қисық па алде басқа жағдай ма ?

0 дауыс
830 қаралым
Алдында айнаға қарап тұрып менің бір иығымның төмен екенін байқадым бұл менің ойымша ауыр заттарды оң қолмен көтергеннен деп ой түйдім және де бір көкірегім екінші көкірегіме қарағанда сәл өзгешелеу. Бұл қалыпты жағдайма әлде менің омыртқам қисық па? Бұны қалай қалпына келтіруге болады ?
Тазалық

2 жауап

0 дауыс
Бұл туылғаннан бері пайда болған болуы мүмкін. Кейбір адамдардың көкірегі шығыңқы немесе басқалай болып тұруы мүмкін. Дегенмен дәрігерге қаралыңыз.
0 дауыс

омыртқа қисық па немесе түзу ме оны анықтаудың ең қарпайым жолы , барынша түзу тұрып,қолыңды арқаңа қарай қайырып бірінші оң қолыңмен оң жақ  жауырыныңды ұста, сосын сол қолыңмен сол жақ жауырыңды ұста. Егер жауырыныңа екі қолың бірдей дәрежеде жетсе онда омыртқаңда ақау жоқ екенінің дәлелі. Ал егер бір жаурыныңа қолың жетіп, екінші жауырыныңа қолың жетпесе, онда омыртқаңды рентген жасап тексерткен дұрыс. Омыртқа оқтау сияқты ешқашан түзу болмайды.Омыртқа жотасының көкірек тұсында (физиологиялық кифоз) , сыртқа қарай аздап дөністеу болады, ал мойын және.бел тұсында жамбасқа жақын ішке қарай майысыңқы (физиологиялық лордоз) болып келеді. Егер ауыр заттарды бір қолмен үнемі көтеретін болсаңыз ,омыртқаның қисаюы мүмкін. Омыртқа ауруларының басты себептерінің бірі  адам ауыр зат көтергенде денеге түсетін салмақ тепетеңдігінің  дұрыс сақталмауы болып табылады..

Ұқсас сұрақтар

127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы