Бұрынғы велосипедтердің бір дөңгелегі не себепті үлкен болған?

+1 дауыс
486 қаралым
Бұрынғы велосипедтердің бір дөңгелегі не себепті үлкен болған? Оны кім үлкен етіп жасаған? Жалпы велосипед тарихы қандай?
Қызық сұрақтар

1 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Өздігінен жүретін ағаш арба(самокат), "селкілдек"("костотряс"), "өрмекші"("паук") бұл төрт көлік кәдімгі велосипедтің атаулары болып келеді. Ағаш велосипед-"селкілдек" бұл екі бірдей пішінді доңғалағы бар адам аяғының ұзындығына сәйкестендірілген ағаш арба. Әрине екі доңғалақты жалғайтын ағаш та бар. "Өрмекші" "селкілдектің" орнын басты. Мұның доңғалақтары металдан жасалды да, алдыңғы доңғалағының үлкендігі адам бойымен шамалас болды. Онда өте көп сым шабақтар болғандықтан "өрмекші" аталып кеткен. Осындай екі доңғалақты велосипедтерді алғаш 70-інші жылдарда Ресейдегі басыбайлы шебер Артамонов жасаған. Басында алдыңғы доңғалағы үлкен болып педаль соған жалғанған. Кейінірек педаль артқы доңғалаққа жалғанып оның көлемін үлкейте түскен. Осы қызықты мәліметтердің бәрін "Ол кім бұл не" энциклопедиясының 1-томынан алдым. толығырақ осы кітаптан оқи аласыз...
Ерінбей жауап бергеніңе рахмет Оксана). Шамалы болсада бір мағлұмат алдым. :)
Ол кім бұл не кітабында суреттері де бар. Осындай қызықты қазақ энциклопедиялары қолданыста болса деймін. Оқасы жоқ.
127,728 сұрақ
322,322 жауап
153,203 пікір
72,717 қолданушы