+1 дауыс
11.3k көрілді
Сұлының құрамында қандай дәрумендер бар? Сұлы неге пайдалы? Кімдерге қолдануға болмайды?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
АҚШ ғалымдары сұлы мен жүгері өнімдерінің венероло­гия­лық ауруларға қарсы емі бар екенін анықтады. Бұл дәнді дақылдардың емдік қасиеті – олардың құрамындағы арги­нин аминқышқылында. Сұлының дәрілік қасиеті өте ерте кезден белгілі болған бір жылдық өсімдік. Оны қолдан егіп өсіреді. Мал азы ғындық қана дақыл емес, адамдардың тағамдық қорына кіретін, кіргенде де таблетка дәрілерден қалыса қоймайтын дақыл. 1.Асқазан-ішек жолдарының ауруларына бір стақан сұлыны5-7 рет таза сумен жуып 500 г суға салып, жартысы қалғанша ақырын қайнатады, әбден піседі. Осы кезде 2 ас қасық бал қосып, тағы 3 минут қайнатып, жылыдай ас алдында осыны үшке бөліп ішеді. 2.Бір стақан сұлыны бірнеше дүркін тазалап жуып, бір литр тазартылған суға салып, 12 сагат бұқтырып қояды да, жарты сағат жабық ыдыста ақырын қайнатады. Осының сыртын жылы орап, тағы 12 сағат бұқтырады. Осыдан соң сүзіп таза ыдысқа құйып алады да, тазартылған немесе қайнаған сумен алғашқы көлеміне жеткізеді. Осы судан әр жолы 100 грамнан ас алдында күніне үш рет ішеді. Бұласқазанды ғана дұрыстап қоймай, бауыр ауруына да, панкреатитке де пайдалы. 3.Сусамыр сырқатына бір стақан сұлы дәнін 1 литр қайнап тұрған суға салып, төрттен бірі кеткенше ақырын қайнатып, сүзіп, жарты стақаннан күніне 3-4 рет ішеді. 4.Бір стақан сұлыны жуып-тазалап, ылғалдандырыпжылы жерге жаймалап қояды. Екінші тәулікте ол көктей бастайды. Тағы жақсылап жуып, кептіріп, ұнға айналдырып, суық су құйып, илейді де, үстінен ыстық су құйып, 2 минут ақырын қайнатады. Бұл кисель сияқты болады. Осыдан піскен бетінде стақандап ішеді. Түн асып қалғанды ішуге болмайды. 5.Бүйрек пен қуықтың ауруына:бір стақан аршылған сұлыны 1 литр қайнап тұрған суға салып, жартысы қалғанша ақырын қайнатып, үстіне 2 стақан қайнаған жылы сүт қосып, тағы 20 минут ақырын қайнатады. Дәрі дайын. Осыдан әр жолы бір стақаннан күніне 3 рет ішеді. Бір емделу барысы 15күн. 6.Бір килограмм сұлыға 10 литр су құйып, 2 литр су қалғанша ақырын қайнатады. Осыған бір килограмм бал, 100 г тұзы жоқ сары май құйып араластырып, тағы да 10 минут ақырын қыздыра қайнатып, барып суытады. Осыдан әр жолы бір ас қасықтан күніне үшрет жейді. Бұл бауыр қатып, немесе гепатит болып ауырғанда қабылдайтын дәрі. 7.Адам кәріліктен, ауыр отажасап әлсірегенде бір стақан сұлы дәніне бір литр қайнап тұрған су құйып қойылғанша қайнатыңыз. Осыған 4 ас қасық бал қосып араластырып қойыңыз да әр жолы бір стақаннан күніне үш рет ішіңіз. 8.Балалардың құлағынан ірің ағып, немесе қол-аяқтары шидиіп, қарны үлкейіп ауырса, үлкендердің буыны ауырса 1 кг сұлының жас сабанын ұнтақтап,5 литр суға 30 минут ақырын қайнатады. Осы суды шомылуғаастауға құйып, белгілі су қосып 15-20 минут жатып шомылады. Ол судың температурасы 38-40 градус болуы керек. 9.Темекіден бас тартқыңыз келсе 2 литрлік банкінің жартысына жуылған сұлыны салып, толтыра су құйыңыз. Ақырын отта 30 минут қайнатыңыз. Осы судан сұлыны сүзіп алып тастаңыз да суға 2 асқасық қырмызыгүл са­лып, 8 сағат жылы орап қойыңыз. Тағы да сүзіп, жылыдай күніне 2 стақаннан ішіп, екі аптаға созасыз. http://maqsat.kz/suly/
...