0 дауыс

Бильярд ойыны қашаннан ойнала бастады? шығу тарихы? 

03.08.2013 2.6k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

 

Бильярд биллиард (франц. bіllard, bіlle — шар) — арнайы үстелде шарлармен ойналатын ойын.

Бильярдтың отаны Үндістан және Қытай саналады. Еуропада 16 ғасырда, Ресейде Петр І-нің тұсында пайда болған.

Үстел шұғамен қапталған, жақтауларында (борттарында) шар түсетін қалтасы бар 6 ұяшығы (лузасы) болады. Ойын үш, бес не он алты шармен ойналады. Нөмірленген шарларды ұяға кимен (ұзындығы 1,5 м таяқ) ұрып түсіреді. Бильярд ойынының “Американка” (лузаға бірінші болып 8 шар түсірген ойыншы жеңеді), “Пирамида” (70 ұпай жинаған ойыншы жеңеді), т.б. түрлері кең тараған. Дүниежүзілік және құрлықтық чемпионаттар 19 ғасырдың соңынан бері өткізіліп келеді.

 

03.08.2013

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,872Жауап
153,169Пікір
72,977Қолданушы