0 дауыс
Түйе жүнінен кілем тоқылама? Тоқылатын болса оны қалай атайды?
03.08.2013 818 қаралым

2 жауап

0 дауыс
Атам айтады:Түйе жүнінен кілем тоқылады,,,
03.08.2013
қалай аталады білмейсіз бе?
0 дауыс

Түйе жүнінен неше түрлі өрмек жіптерін иіріп, шекпен, қап, белбеу, құр, кілем, қоржын сияқтыларды тоқиды. Сол сияқты түйе жүні айыл-құйысқан, өмілдірік, ноқта жасауға және көген, бау-шу есуге өте қолайлы. Түйе жүні көрпеге салуға, шапанға тартуға өте жақсы, жеңіл, әрі жылы болады, қылшық шықпайды. “Шуда” деп түйенің мойнындағы, тізесіндегі, екі өркештің үстіндегі салалы қылшық жүндерін айтады. Шудадан жамау-жасқауылдық жіп иіріледі. Бұрын қазақтың тон-шалбары, сабасы мен торсығы, көн ыдыстары осы шуда жіппен тігілген. Түйе шудасы кейбір арнаулы бау-шуларға да қосылып есіледі. Шуда жіп шертер, т.б. ән-күй аспаптарына ішек есебінде де тағылған.

21.10.2015
127,959Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,997Қолданушы