+4 дауыс
520k көрілді

"Пәк қыз" дегенді өлеңді оқығандарыңыз бар ма? Оның авторы Мұқағали Мақатаев деген қаншалықты рас? Біреулері Мұқағалидікі дейді, ал біреулері керісінше көзқараста.

Пәк қыз

Қараңғы, тыныштық өңгерген,
Екеуміз мекендеген кеш.
Сен шықтың арғылау бөлмеден,
Бұл жолы киімен емес…

Жалаңаш ақ денең көрінді,
Көзге от тамызған елес.
Еріксіз сілекей төгілді,
Бұл жолы ауыздан емес…

Сезімге өртендік сан ыстық,
Махаббат тұрыстық емес.
Екеуміз бір талай алыстық,
Бұл жолы ұрысып емес…

Басқаша біз кеттік білемін,
Басқаша жолменен дөңес.
Қаттырақ ұрғылап жібердім
Бұл жолы қолыммен емес…

Кеудеме кеудеңмен тайқыдың,
Ләзәтқа берілдік елес.
Ып-ыстық екенін байқадым,
Бұл жолы ерніңнің емес…

Қалайша көндің сен таңқалдым,
Қылығың өзіңнен егеш.
Пәктігін, пәктігін аңғардым,
Бұл жолы сөзіңнің емес!!!

Мұқағали Мақатаев

12 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Қараңғы. Тыныштық өңгерген.
Екеуміз үйіңде егеш.
Сен шықтың арғылау бөлмеден,
Бұл жолы киіммен емес…

Иә, бұл бүгінгі таңда көп оқылып жүрген қазақ жастарының арасындағы «Пәк қыз» атты өлеңнің алғашқы шумағы. Ә дегеннен өлеңнің эротикалық бағыттаға екені тайға таңба басқандай көрініп тұр. Өлеңнің қалған шумақтары алғашқы шумақтарды толықтырып, адам бетін қызартпаса, тартыншақтап қалауы екіталай.  Классикалық туындылардан гөрі жеңіл-желпі дүниеге жаны үйір бүгінгі жастардың санасыздығы болар, осынау өлеңнің  тақырыбын да, авторын да шіміркпестен «Пәк қыз, Мұқағали Мақатаев», — дейді.  Жастарды да кінәлауға болмайды мына бір адасуға қарап тұрып…

ХХІ ғасыр жастарының кітапқа деген бейімін ақпараттық кеңістік жаулап алғалы қашан. Осы бір өлеңді іздеу үшін «Пәк қыз» деп жазып, кімдікі екенін аңғаруға «google»-ге кірсе, осындай жауап алады. Ішіне үңіліп, рас па, өтірік пе ол жағын білу маңызды емес. Тіпті, кей көзге көрініп жүрген сайттар да адасудың кебін киген. Мәселен, осы сілтеме арқылы сіз «Жарар.кз» сайтының ішіне еніп, «Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Пәк қыз)» дейтін тақырыпқа тап боласыз. Мұны көрген, көзін шел басқан жастар «Мұқағалидікі ғой, интернеттен қара, сенбесең!» — демей, не дейді. «Вконтакте» әлеуметтік желісінде осы жайында дау болған. Ол жердегі дау — Аслан Қаженов дейтін ақын жігіттің парақшасында өрбіген. Бір қарындасымыз «бұл — Мұқағалидікі» деп, ақиық ақынның аузынан естігендей қасарысып отырса, көкірегі ояу ағалары «Аслан Қаженовтікі» — деп, ақылдарын айтқан. Енді бұл өлеңнің аты қандай, авторы кім дейтін сұраққа нақты тоқталсақ.

Мұқағали – пенде, періште емес. Ләззат пен құмарлықты да жазған адам. Ондай сарындағы өлеңдері жұрт аузында жүр де. Тек бұл өлең Мұқағалидың қаламынан тумаған, әрі өлеңнің аты да «Пәк қыз емес», «Алғаш барғанда». Авторы жас ақын – Аслан Қаженов.

Қаженов Асылан

Көрсетілген суретте Аслан Қаженовтың кітабынан алынған «Алғаш барғанда» өлеңі біз даулап жүрген «Пәк қызбен» пара-пар. Сөзбе-сөз жазылған. Бұл өлең осы  жас ақынның туындысы екеніне дау жоқ. Өйткені Мұқағалидың бірде-бір кітабында бұл өлең кездеспейді,  естеліктерінде де жоқ.

Жалпы өлеңнің асқақ ақынның атымен шығып, тақырыбының да өзгеріп кетуіне әлеуметтік желілерде шарқ ұрып жүрген, белгісіз дауыста оқылған аудио-жазба себепкер. Ол жерде көптеген өлеңдер жинақталып оқылған, әрі бәріне бір автор ғана көрсетілген. Өлең – қадірі жоқ дүние емес. Өлең – тулаған шабыттың көрінісі. «Бір ауыз сөз ел өртер» деген бар, біреудің қателігінен бүкіл бір қауым адасып жүр. Қауым ішінен «мынау дұрыс емес» — деп, бас көтеріп шыққандардың да қарасы көрінбейді.

Алматы қаласына қарасты белгілі бір мектепке тәжірибе алмасу үшін барған ұстаз өзінің әдіс-тәсіл арқылы оқушыларды поэзия әлемімен жақынданстырып, ой-өрістерін кеңейтуге, таным-түсініктерін арттыруға тырысып жүрген. Бір күні сәті түскен ашық сабағына кешігіп қалса керек. Ұстаз жоқ. Бірақ оқушылар мен ұстаздар, тіпті, тәрбие жұмысы жөніндегі мектеп директорының орынбасары да келіп отыр. Ұстаздарының күнделікті әдіс-тәсіліне бой үйретіп алған оқушылар шетінен шығып өлең оқыған. Кезек бір қызға келгенде, бойжеткен «Пәк қыз, Мұқағали Мақатаев» деп, өлеңді бастап кетсе керек. Соңына дейін тыңдаған тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары  тамсанып, ақырында ақыл айтып, түзетіп, жол ортадан тоқтатудың орнына «дұрыс» деп, қол шапалақтаған. Бұл — аталмыш қыздың әдейі істеген ісі ме, әлде санасыздығы ма, жоқ жаңағы директор орынбасарының сауатсыздығы ма?!  Ата-ана баласының мектепке қандай өлең жаттап баратынынан  бейхабар, сеніп тапсырып отырған мектебіндегі ұстаздар ол өлеңге тамсанып отырса, мектептің қадірі не, оқушының тәрбиесі қайда?!

Алғаш барғанда

Мұндай адасуларға дәлел іздей берсең, жетіп артылады. Көптеген жас ақындардың өлеңдері халықтың һәм сол жастардың арасында авторсыз оқылып жүр. Кейін бәзбіреу алып авторын «пәленше» деген керемет бір текті ақынның атымен айта салады. Осыдан кейін алжыған шалдан, еңкейген балаға дейін «пәленшенің» өлеңі деп қарайтын болады.

Түйін.

«Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды» деген бар. Әрбір сөйлеген сөзіміз үшін жауап беру керек. «Не айтып жатсыз, не жайында, кім жайында, авторы кім» деген дүниелерге абай болған жөн. Рухани дүниеміздің құлдырап, кітапқа деген сүйіспеншілікті өлтіріп алып жатқан шақта. Енді келіп жас ұрпақ пен мәңгүрт қоғамды өзіміз келіп басқа жолға бағыттасақ, соңы — тұман, адасу болмақ. Мұқағали Мақатаев — қазақтың маңдайына біткен ақыны. Жырларын күллі қазақ жатқа оқып, онымен сусындап жүр. Біз келіп, өлеңге шөлдеп жүрген ұрпақтың кесесіне басқа өзге ақынның суын құйып берсек, шырынның дәмі бола ма?!

«Баяғыда шығыстың ақындарының бірі қыш жасап отырған шебердің қасынан өтіп бара жатып, оның өз өлеңін жатқа оқып отырғанын көріп, тамсанып қарайды екен. Бір мезетте жаңағы шебер сөзін ұмытып қалса керек, ар жағын өтірік ұйқастырып, бөтен сөздермен алмастырып айта беріпті. Құлағына түрпідей тиген ақын шыдай алмай, қыш жасап отырған шебердің еңбегін бұзып жіберген екен, шебер: «Сенің мұның не? Бұл менің маңдай теріммен жасап отырған дүнием ғой» — деп, ақынның жағасынан ала кетіпті. Сол кезде ақын: «біреудің еңбегін бұзған жаман екен де, менің маңдай терім мен қиялымның тебіренісінен шыққан сөздерімді, өлеңімді бұзып оқып отырған саған жол болсын, мұны теңестік», — деп қабылда деген екен. Иә, бір жан дүниенің толғағынан туған дүние мен екінші бір әлемнің жатырынан шыққан дүниені бір-біріне қосып яки алмастырып алу, әдебиеттің, адамгершіліктің заңына салсақ, күнә шығар…

Марғұлан АҚАН

+2 дауыс

Иа бұл Мұқағалидыкі,   Мұқағали барлық тақырыпта өлең шығарған,  Осындай өлең  жазды деп Мұқағалиды жек көріп кетуге болмайды, ол пайғамбар емес ол да біз сияқты жұмыр басты пенде.

Оны ешқашан же көріп кетпеймін! Мен оның өлеңдерін оқу арқылы шабытым оянады.
мына өлеңінен басқаша шабыт оянатын сияқты))
Оныкі емес деп жазылып тұрго!иавторы да баска биреу деп айтса иа бул Мукагалидики дегенинине
+2 дауыс
Я менде бұл өлең туралы естідім біраз) Менің ойым я бұл М,Мақатаетікі сияқты. Себебі жай өлең емес, бұлай кез келген ақын шығара бермейді. Садуақасов Абзал мен сенің ойына толықтай қосылам, яғни бұл бұл өлең тек шабытын ғана оятып қойса жақсы ғой тіпті.... Өзің ер бала болсан түсінетін шығарсын. Осыдан-ақ өлеңнің құдіреттілігін түсінуге болады.
+3 дауыс
Бұл өлең ешқандай да Мұқағали Мақатаевтікі емес. Оның авторы Асылан Қаженов деген жігіт. Өлеңнің аты "пәк қыз" емес, "алғаш барғанда" деп аталады
0 дауыс
Бұл өлеңнің көркемдік қуаты Мұқағали өлеңіне жетпейді. Әрі сөз қолданысы, сөйлемдегі инверсия да бірден өзгеше екенін байқауға болады. Стиль мүлде басқа. Өлеңде ұйқас та бөлек және буын саны осы өлең бойында сәйкес келмейді.
Өстіп жарияламайтын дүниені жар салып өздерін таратасындар ғой. Сөйтеміз де ғаламторды кінәлай саламыз.сол оңай.тәртіп жоқ
0 дауыс
ия со кисиники рас ол
0 дауыс
ой мыналарың сөзұқпас қой кіл, өлеңнің исі мұрындарына да бармайды. Мұқағалидікі емес десе, ия рас сонікі деп өзеурейіні нес
0 дауыс
Неге М.Мақатаевтың өлеңі дегенді əлеуметтік желіден біржола алып тастамайды.Əрине жастар қалай адаспасынвторын білу үшін "Google"ге жазса болды М.Мақатаев "Пəк қыз"деп тайға таңба басқандай
+1 дауыс
Мұқағалиді 15 жыл зерттеп келсемде,ол кісінің архивінен мұндай жұтақ туындыдыны көрген емеспін,
0 дауыс
Мұқағали емес ол
0 дауыс
Орыстандыру саясаты кезинде каншама акындарымызды , корлады. Жагымсыз олен жолдарын шыгартып Мукагали шыгарды деп таратты оны халык тындамасын деп. Жаксы адам жаман Олен шыгармайды.
0 дауыс
Қатты кетіп бара жатыр ау
...