Витаминдер екі топқа болінеді; суда еритін және майда еритін болып. Суда еритін витаминдер бүйрек арқылы артық дозасы тез зәрмен сыртқа бөлініп шығып кетеді.Ал майда еритін витаминдер мысалы А,Е. Д .К өзінің;тәуліктік мөлшерінен ұзақ мерзімде көп қолданса, онда олар ағзаға көптеген зиянды әсерін тигізеді. Мысалы Д витаминнін артық дозада ұзақ уақыт қолдану Са тұздарының буындарда, зәр жолдарында тұз, тас болып жиналып, қанды қойылтып, ұйығыштық қасиетін шамадан тыс арттырып жібереді. Бұлшық еттер тартылып, теріде көгеру пайда болады. Сол сияқта А витаминін шамадан тыс көп ішкен адамның терісі ,сарғайып,бауырдың , өт тің қызметі нашарлайды,адамда үйқысыздық, әлсіздік пайда болады, жүйке қызметі нашарлайды.Витамин А ның артық дозасы организмнен Са элементін шығарады, сондықтан витамин А -ны шамадан тыс көп ішу сүйектің жұмсаруына, сынғыштығына яғни адамның остеопороз ауруымен ауыруына себепкер болады. Е витаминін шамадан тыс көп ішу жыныс бездерінің қызметінің бұзылуына ,қанның құрамында холестериннің артуына себепкер болады. Қалқанша бездің қызметі бұзылып, ағзадан витамин К- ны шығарады. Витамин К қан ұйығыштықтың бір факторы болғандықтан бұндай адамда қан кету болса, тоқтату өте қиын болады. Бүйрек арқылы бөлінеді деп суда еритін витаминдерді де көп ішуге болмайды, бөлініп шығам дегенше зиянын тигізіп үлгереді. Мысалы витамин С- ны алатын болсақ қант диабеті бар адамдарға аса сақ болған жөн. Сау адамның өзі күніне 1- граммнан артық пайдаланса, онда ұйқысыздық, бауырдагы гликогеннің қоры ыдырап, шаршағыштық, ұйқы безінің қызметі бұзылып,ас қорыту поцесстері тежеледі. Тіпті қанда глюкозаны көбейтіп жіберуі соншама, адамда гипергликемия болып, естен танып құлауы мүмкін. Сондықтан дұрыс тамақ ішіп жүрген адам тек витаминдерді қыстың соңғы айларында ,көктем мезгілінде және бір ауру сырқаттан соң, мысалы; тұмау , іш өту сияқты және кейбі р жұқпалы аурулардан соң дәрігердің нұсқауымен қабылдаган дұрыс.Витаминдердің артық дозасынан пайда болган келеңсіз өзгерістерді гипервитаминоз дейді.