+3 дауыс
9.5k көрілді
Қалай шпагатқа отыруға болады?

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Әлбетте, бір реттен шпагатқа отыру мүмкін емес. Мұндай дағдыны қалыптастыру үшін біраз уақыт пен дененің дайындығы қажет.

№ 1. Барлық жаттығуларды бастамас бұрын денені қыздырып алу керек. Дене босаңсып тұру үшін жаттығу алдында жылы ванна не душ қабылдап алуға болады. Ваннадан кейін бұлшық еттер жақсы созылады.

№ 2. Шпагатқа отыруды үйретуге ықпал ететін жаттығулардың бірі – аяқтарды сермеу. Тұрыңыз да, бар салмақты бір аяғыңызға салып, екіншісін барынша биіктікке сермеңіз. Аяқтарыңызды кезек-кезек сермеп, әр сермеген сайын иықтан жоғарырақ көтеруге тырысыңыз. Арқаңыз тік, тізеңізді бүкпеуге тырысыңыз.

№3. Екінші ұтымды жаттығу біраз қиындау. Бір аяғыңызды беліңізге келетін бір құрылғыға қойыңыз да қолыңыз еденге жететіндей еңкейіңіз. Кейін басқа аяғыңызбен де солай істеңіз. Бір реттен шықпауы мүмкін. Егер аяқтарыңыз қатты ауырса, жаттығуды келесі ретке қалдырыңыз. Ең бастысы – жиі жасап тұрыңыз, бұлшық еттеріңіз осы жүктемеге үйренуі керек.

№ 4. Және соңғы жаттығу, әдетте шпагатқа отыруды осыдан бастайды. Көлденең немесе бойлай шпагатқа барынша төменірек отыруға тырысыңыз. Әр отырған сайын төменірек түсіңіз. Жаттығуды аяғыңыз қатты ауырып кеткенде ғана доғару керек, әйтпесе жарақат алып қалу қаупі бар.

№5. Мұндай жаттығулар топтамасын аптасына 3-4 рет жарты сағаттай жасап тұру керек. Тұрақты түрде машықтанудың нәтижесі 2 аптадан кейін-ақ көріне бастайды.

егер аяғыңызды қайырып алсаңыз;
жамбас сүйектерінің немесе аяқтардың жарақатында;
омыртқа ауруларында;
гипертония кезінде бұл жаттығуларды орындауға БОЛМАЙДЫ!

Ақпарат көзі. http://massaget.kz/
+4 дауыс
Жас кезiңнен бастап ертерек жаттықпасаң, онда жасай алмайсың. Бұрын жаттықпаған болсаң, жасаймын деп, аяғыңды ауыртып алуың мүмкiн.
+4 дауыс
Көбісі шпагатқа отырғысы келеді, бірақ қалайша дұрыс отыруды көпшілік біле бермейді. Ал шпагатқа дұрыс отырмау күрделі дене зақымына алып келуі мүмкін. Алдымен, бір аптаның ішінде шпагатқа дұрыстап отыруды сізқандай жағдайда болсые үйрене алмайтыныңызды есте сақтаңыз. Шпагатты орындау өте қиын, ол өте жақсы созылыңқылықты талап етеді, ал егер сіз оны бірден орындай бастасаңыз, сізді кем дегенде сіңірлеріңіздің қатты созылып қалуы күтіп тұр. - Шпагатты дұрыс орындау үшін, сіз үнемі созылуға арналған жаттығуларды орындауыңыз керек. Олар біршама күрделі, одан соң аяқтарыңыз ауырып қалуы мүмкін, бұл қалыпты жағдай, себебі бұлшықеттер қалпына келуі тиіс. - Тек қана жақсы созылыңқылыққа қол жеткізгенсоң, сіз жайлап шпагатқа отырып бастасаңыз болады, бірақ сіздің жаныңызда қажет болса сақтандырып тұратын немесе көмек көрсететін адам болуы тиіс.
0 дауыс
Менде отыра алмай жатырмынТаеквандоға қатысқаныма 1 айдан асты əлі сол қалпы не істеймін

Ұқсас сұрақтар

...