+3 дауыс
4.1k көрілді
Сағыздың құрамында не бар? Оның тіске зияны қаншалықты?

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
ККүнделікті тамақтан кейін сағыз шайнап, ауыз қуысын тазарту әдетке айналғандай. Ертеде сағыздар ағаш шайыры не қарамайы мен өсімдік майларынан жасалса, қазіргі таңда, олардың құрамында химиялық заттар мен антисептиктер кездеседі. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей, сағыздың да адам ағзасына берер пайдасы мен зияны жетерлік.

Сағыздың шығу тарихы

Сағызды осыдан 140 жыл бұрын Америка елінде ойлап тапқан. Өнертанушы Уильям Сэмпл сағызды ойлап тапқанымен, оны өндіруге ат салыспаған. Америка Құрама Штаттарында 100 түрлі сағыз өндіреді. Орта есеппен әрбір американдық азамат жылына 300-ден астам сағыз пайдаланады. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін ол әлем бойынша таралады.

Жарнамаға сүйенер болсақ, сағыздың пайдасы мол: ауыз қуысындағы жағымсыз иістен арылтады, тістің ағаруына жол ашады, кариестің түспеуін қадағалайды, эмальді қатайтады, т.с.с. Алайда, мұның барлығы шындыққа жанаса бермейтін сияқты.

Біріншіден, сағыз құрамында көптеп кездесетін қант пен глюкоза ауыз қуысында бактериялардың көбеюіне ықпал етеді.

Екіншіден, Е-320, Е-322, Е-414, Е-422 т.с.с компоненттердің салдарынан стоматологиялық аурулар пайда болады.

Үшіншіден, сағыз онкологиялық және асқазан ауруларының пайда болып, ары қарай созылуына жол ашады.

Төртіншіден, сағыздан тістің сыртық қабықшасы әлсіреп, кариес пайда болады.

Бесіншіден, сағыз құрамындағы химиялық заттар созылмалы тері ауруларының тууына себепкер. Адам баласының ағзасы кейбір компоненттерді көтере алмай, салдарынан теріде безеу, секпіл, бөртпе қаптауы мүмкін.

Сағыздың зияндығы мұнымен шектелмейді. Диетолог-мамандар әр кез жаңа зиянды тұсын ашып жатады. Алайда, зиянды тағамның аз да болса пайдасы бар.

Сағыз патогенді микрофлораның көзін жойып, сілекейдің бөлініп шығуына ықпал етеді.
Сілекей өз кезегінде астың дұрыс қорытылуына жол береді.
Сағыз бас пен мойын бөлігіндегі қан айналымды жақсартады.
Есіңізде болсын!

Сағызды бей-берекет шайнауға болмайды.
Сағызды тек тамақтан кейін 5-10 минут қана шайнау керек.
Жағымсыз иістен арылам десеңіз, ащы сағызды 5 минут шайнап, кейін аузыңызды шайып жіберіңіз.
Тәтті сағыздарға құмар болмаңыз!
Үш жасқа дейінгі балаларға сағыз беруге болмайды.
Сағызды жұтып қойған жағдайда, көп мөлшерде су ішіңіз.

http://www.massaget.kz/bastangy/Zdorove/3266

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
7 жауап
+1 дауыс
4 жауап
0 дауыс
1 жауап
...