+1 дауыс
1.2k көрілді
Ең алғашқы хакер кім? Және оның өмірбаяны мен хакер болуының себептері қандай?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Хакер– компьютер жүйесін майда-шүйдесіне дейін білетін жоғары білімді маман немесе компьютерге қызығушы әуесқой адам. Хакер деп тек қана ақпараттық технология саласында оқыған немесе ақпараттық технологияға бағытталған оқу орнын бітірген адамды ғана айтпаймыз, ол мүмкін ешқайда оқымаған, тіпті мектеп оқушысы да болуы мүмкін. Ақпараттық технологияның, компьютердің барлық тұстарын қазіргі күнде білу мүмкін емес, сондықтан хакер деп осы саланың белгілібір тармағы бойынша шыңына шыққан, тәжірибеде сынап көрген, өте білімді адамды айтады. Хакерлер темір-терсекті жақсы түсінетін мықты компьютер жөндеушілер, сайтты жасаудың майын ағызатын адамдар, қандай да бір бағдарламалау тілінде мықты бағдарламаушы, мәліметтер базасымен жақсы жұмыс істеуші, желілік байланыстарды жақсы түсінуші және сол сияқты ақпараттық технология саласының “батыр”ларын айтуға болады.Хакер деп – өз ісінің ұстасын, шебер маманды айтады. Көбінесе, халықта мынадай бұрыс пікір қалыптасқан. Хакер – ол интернетте банктан заңсыз ақша тонаушы, атақты мемлекеттің ұйымдардың, компаниялардың немесе біреудің сайтын бұзып оның ішіндегі сырлы, жеке ақпараттарға қолға жеткізуші адамды ғана түсінеді. Негізі ондай адамдардыкрэкердеп атайды. Хакер сөзі қашан пайда болған? Тарихқа назар салсақ,“Hacker”деген сөз алғаш рет 1960 жылдары әлемге әйгілі техникалық жоғары оқу орны MIT (ағылшыншаMassachusetts Institute of Technology,қазақшаМассачусетс Технологиялық Институты) қабырғаларында пайда болды. Сөздің түбірі“to hack”сөзі ағылшын тілінен алынған болып, қазақшаға“кесу”, “шабу”, “кескілеу”дегенді білдіреді. Америкалық газеттерде Кевин Митник деген компьютер жүйесін бұзушы жайлы мақалалар шыққан соң,“хакер”сөзін“қауіпті, заңсыз”деген сөздермен байланыстыратын болды. Митник 90-жылдар басында ақпаратты заңсыз алғаны үшін АҚШ Федеральды тергеу бюросы (ФБР – Федеральное бюрорасследований) оны тұтқындап, төрт жылға қамауға алынды. Ол түрмеде жатқанда, басқа да #1 хакердің әріптестестері Кевиннің босатуын қалап, ФБР, НАСА, Майкрософт серверлерін бұзып, тек қана бір“Free Kevin”(қазақша“Кевинді босат”) деген хабарлама қалдырды. 2003 жылы қазанда әйгілі хакер Эрик Рэймонд хакерлер қауымдастығына “Өмір” ойнынан алынған “глайдер” (glider) символын хакерлер эмблемасы етіп қоюды ұсынды. Хакердің түрлері Ақ шляпалы хакер(The Whitehat Hacker)–кейде оларды “әдепті хакерлер” деп атайды, себебі олар рұқсатсыз жүйелерге кірмейді. Олар, керісінше, интернетте қауіпсіздікті сақтау туралы пайдалы мақалалар, блог жазып, кеңестер беріп отырады. Сұр шляпалы хакер(The Greyhat Hacker)–ақ және қара шляпалы хакерлердің ортасында тұрады. Олар оңай олжа табу үшін немесе жаман пиғылда жүйені бұзбайды, дегенмен олар әдетте рұқсатсыз жүйені бұзып тұрады. Сүрлардың қара шляпалы хакерлерден ерекшелігі олар жеке ақпараттарды алу үшін жүйені бұзбайды. Көбінесе әкімшілерге жүйенің әлсіз, қате тұстарын білдіру үшін, жүйені әдейі бұзады және бұл туралы әкімшілерге ескертпе береді. Ал кейбіреулері әкімшілер өзі білсін деп ескертпеуі де мүмкін. Қара шляпалы хакер(The Blackhat Hacker)–қара шляпалы хакерлер өз жеке мүдделері үшін жүйені бұзатын хакердің түрлері. Олардың мүдделері ақша тонап, пайда табу, саяси мүдде немесе ермек үшін уақыт өткізу болуы мүмкін. Заңды құрметтеу, әдептілік сақтау деген сияқты түсініктер қара шляпалылар үшін жат нәрсе. Аруақ-хакер(The Ghost Hacker)– аруақ сияқты көрінбейді, сондықтан оларға осындай лақап қойған. Олар, негізінен, жоқ болып, көрінбей жүреді. Өз ісіне, яғнижүйені бұзуға кіріскенде лақап ат астында жүріп, өз ізін жасырып, ұсталып қалмай, қамырдан қыл суырғандай жұмыс жасайды. Оларды ұстай алмауының себебі, аруақ-хакерлер өз ісіне өте мықты мән береді, ең бастысы, олардың білімі жоғары, тәжірибесі мол, өз істерінің ұсталары болады. Олардың екі өмірі болады: бірі – шынай осы өмір, екіншісі – интернеттегі виртуальды өмір. Шынайы өмірде қарапайым маман сияқты өз жұмысын жасап білдірмей жүре береді, ал интернетте де шын ниетінжасырып, қарапайым қолданушы сияқты көрінеді. Хакерлік шараларды атқаратын компьютерлері де көпке белгісіз жерлерде сақталады. Скрипт-кидди хакер(The Script Kiddy)– оларды ешкім хакер деп мойындамайды. Себебі хакер болатын дәрежеде компьютер, сервер, желі туралы білімдеріжоқ. Негізі скрипт-киддилер бағдарлама кодтарын жаза алмайды, тек қана өздері сияқты хакерлер бас қосатын форумдарда бос әңгіме жазумен уақыт өткізеді. Қысқасы, олар өздерін хакер болуға әуес мақтаншақ хакерсымақтар
Біздің түсінігімізде хакерлер интернет сайттардағы мағлұматтарды ұрлап, кілт сөздерді бұзады, құпия деректерді ұрлайды. Көбіне олардың әрекеттері заңсыз болып келеді. "Хакер" сөзі бүгінде кім-кімге де жақсы әсер қалдырмайды. Дегенмен, басында хакерлерді халық мұнша нашар қабылдамайтын-ды. Өйткені, хакерлер арам пиғылмен құрылмаған топ-етін. "Хакер" сөзі АҚШ-тың атақты Массачусетс технологиялық университетінде 1960 жылдары пайда болды.Университетте пойыз үлгілерін ұнататын топ бар еді. Олар уақыттарын көңілді өткізуге тырысып, сол кездегі ғажайып техника - компьютерлерді төңіректеуді жандары сүйетін. Оларға әсіресе арнайы тұлғалар ғана қолданатынIBM 704 ұнап, студенттер сол компьютерге қол жеткізу үшін түнде ғана кездесетінді шығарды. "Нack" сөзі қитұрқылықты білдіргендіктен, бұл әрекеттердің қатысушыларын жалпақ жұрт "хакерлер" деп атап кетті. Билл Гейтскомпьютерге қатты қызығып, соның ұсақ-түйегін шұқылап жүріп, кейде сабаққа қатыспаған екен. Дәл осыкомпьютерге деген қызығушылық"хакерлер" тобының пайда болуына әкелді. Дегенмен, барлық адамның бірдей ойламайтыны секілді, барлық хакерлердіңойлары арам деуге болмайды. "Қалай хакер болуға болады?" мақаласының авторы Е. Реймондтың айтуынша, "Нағыз хакер - өзіне тән ерекшелігі, білімі, қабілетібар тұлға. Нағыз хакерлер бағдарламалармен жүйелерді бұзбайды, керісінше, оларды ойлап тауып, жасап шығарады. Хакер кез келген бағдарламаның жілігін шағып, майын ішіп қана қоймай, өз бағдарламасына иелік етеді".
Белгісіз

Ұқсас сұрақтар

...