Қазақ тілінің сөздік қоры үнемі өзгеріп отырады. Тілімізге әр түрлі қарым-қатынасқа байланысты басқа тілден сөздер енеді, тұрмыс-тіршілікке байланысты заттар мен құбылыстардың аттары жаңарып отырады. Тілімізге басқа тілден енген сөздер кірме сөздер деп аталады. Қазақ тіліне араб-парсы, монғол, орыс тілдерінен көптеген сөздер кірген.
Тілімізде кейбір кірме сөздердің қазақша нұсқасы да бар. Мысалы, коллектив – ұжым, вертолет – тік ұшақ, самолет – ұшақ, аэропорт – әуежай, аудитория – дәрісхана, протокол – хаттама, т.б.
Жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір аймақтағы тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер тіл білімінде диалект сөздер деп аталады. Мысалы, сым, жейде, дарбаза, көпшік, тұқым, қоңсы, елгезер, бәдірең, кеуірт, таңлай, маңлай, тыңла, құдағай, кәсе, кигіз, жадағай, шекер, сүгірет, кеуілт.б. сөздер диалект сөздер болып табылады.