Біржақты ойламау керек, неге бүлдірді деп. Желтоқсан -86-да да осылай бүлдірулер, қиратулар болған. Бейбіт мақсатта шығып, артынан халық осылай істейді. Жако, өзің қатысқан болсаң, соның бәрін көрдің ғой. Әрбір толқулар осылай басталып, арандатушылар кесірінен осылай стихиялы түрде бүліншілікке барады. Бұл толқуда бастаушы адам не топ болса, мұндай болмайды. Өзенде ондай топ болмаған, ереуілшілер бөлек тұрған топ қана, бүлікшілер емес.
Биліктің басты қателігі, боевой патронмен халыққа оқ атуы. Осындай толқулар өркениетті елдерде де болады, бірақ олар халыққа оқ атпайды.Тағы бір қателігіі, сол мұнайшылардың талабымен санаспауында болып отыр. Олар тек қана айлық сұрап отырған жоқ, қазіргі кездегі мұнай кен орындарының активтері шет елдіктердің қолында, сол активтерді билік реттесін, қазақстандық жұмысшылар мәселесін шешсін деп қойып отыр. Кешегі болып өткен толқулар бәрібір батыста болатын еді, ақыры болып тынды және осылай болуға өзі итермеледі, провакацияға барды. Билік осыны біле тұра жұмыс жасамады. Қазақ ТВ-да беріп отырғандары бір жақты, бәрін бұзақыларға жабу.