+1 дауыс
425 көрілді
7 жыл абақтыда отырып келген адам дін қызметкері яғни молда болып жұмыс жасай алама?Діни сайттарға жолдаған едім бірақ еш жауап келген жоқ.Сіздерден асыға жауап күтем

6 жауап

0 дауыс
Басқа аудандарға барып мешiтте iстеуi мүмкiн. Ал өзiнiң ауылдастары түрмеден келдi деп ортада дұрыс қабылдамауы мүмкiн.
+4 дауыс

Неге болмасын, болады, себебі қазір түрмеде  отырғандардың  жартысы дінге қатысты адамдар емес пе? Түрмеде мешіттер бар, оларға діни сауатын толықтыруға толық жағдай жасалған. Әрі - беріден соң түрмеден адамды жазасын өтеді, қоғамға еш қауіпсіз түзеліп шықты деп шығармай ма, демек олда қоғамның тең құқылы мүшесі.

+1 дауыс
Бұл сұраққа нақты жауап беру қиын.  Дұрыс әрі әділ жауап беру үшін әлгі кісінің өзін танып білгеніміз абзал деп ойлаймын. Сонда да ойымды айта кетсем, кісінің дінге баруына болады, басты мәселе адамгершілігі мен ниетінің түзу болғанында. Қате болса, Аллам өзі кешірсін!
0 дауыс
Түрмеде отырып, жазасын өтеп шыққан адам қоғам алдында таза адам болып есептеледі. Бола алады.
0 дауыс
Жоқ өкінішке орай сотталған адам мешітте имам бола алмайды, бұл қызмету орнығу үшін сотталмаған деген қағаз керек.
0 дауыс

"Діни қызмет және діни Бірлестіктер туралы" ҚР-ның заңында соттылығы бар адамдар діні қызметке қабылданбайды деген жазу жоқ. Осы заңның  8-бабының 4-тармағында былай көрсетілген:

4. Миссионерлер тiркелу үшiн ("Миссионерлiк қызмет" – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасында тiркелген дiни бiрлестiктердiң атынан Қазақстан Республикасының аумағында дiни iлiмдi таратуға бағытталған қызметi.) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне мынадай құжаттар мен материалдарды: 1) паспортының немесе жеке куәлiгiнiң көшiрмесiн; 2) миссионерлiк қызмет аумағы мен мерзiмi көрсетiлген өтiнiштi; 3) дiни бiрлестiктiң атынан миссионерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығына дiни бiрлестiк берген құжатты; 4) миссионер өкiлi болып табылатын дiни бiрлестiктi Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң және оның жарғысының көшiрмесiн; 5) миссионерлiк қызметке арналған дiни әдебиеттi, дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды ұсынады.

Яғни осы құжаттардың ішінде сотталмағандығын растайтын құжат талап етілмейді. Дінтану сараптамасы деген болады. Ол дегеніміз жоғарыдағы құжаттарды тапсырғаннан кейін қызметке алу үшін сараптама жасайтын органның қызметі. 8-баптың 5-тармағында "Миссионер ретiнде тiркеуден өту үшiн құжаттар ұсынған Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнтану сараптамасының терiс қорытындысы негiзiнде, сондай-ақ, егер оның миссионерлiк қызметi конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртiпке, адамның құқықтары мен бостандығына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндiретiн болса, тiркеуден бас тартылады." деп көсетілген. Демек , дін қызметкері болуды сараптама қорытындысы шешеді.

...