+2 дауыс
3.7k көрілді

Бұл болған оқиға.Бір үй адамдары ораза ұстап,тура жолға ұмтылады, жақсы адамдар,алайда отбасы кедей, олар ағайынымен қазіргі таңда араласпайды, оның өзіндік себебі де бар. Саны көп ағайын, әрқайсысы осы үйге билік жүргізіп кетеді. Олардың үндемейтін момын екенін біліп, басынып, үйіне өз ақшаларын үнемдеп, бүкіл отбасымен тамақ ішіп, "ананы әкел, мынаны әкел" деп жұмсайды. Үй иесі  ақкөңіл, қонақты сыйлайық дейді. Жейтінін жеп,таусып болғасын үйлеріне барады. Олардың бар болған ісі-өздері әрең күн көріп отырған,бұл отбасын шығынға ұшыратып кету. Ал қонағының сұрағанын бермесе, олар мүлдем араласпай, сараң отбасы деп жамандағаны да бар. Мұндай жағдайда бұл отбасы осындай ағайынмен қалай араласады, кек сақтамағаны дұрыс па?"Жаман үйдің қонағы билейді" деген сөз расындада бұған сәйкес келе ме?Бұларды жаман адам деуге бола ма екен?Өз ойыңызды қосыңыздар!

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Неткен қатігез адамдар еді! Кек сақтамағаны дұрыс деп ойлаймын.. Оларда ештеңе болмағанымен татулық,сыйластық бар екен. Бұл отбасының тағдыры қиын, тек үміттерін үзбесе болғаны. Осы жағдайдың бәрін Құдай көріп тұр ғой, ағайындары о дүниеде де осы дүниеде де оңбайтын шығар
0 дауыс
Үйдің еркегі еркектік мінез көрсетіп, өз үйінің болашағы үшін нашар адамдардың беттерін қайтарып отыруы керек.
...