0 дауыс
835 көрілді
Жемқорлықты жеңуге бола ма?

4 жауап

0 дауыс
"Алтын көрсе, періште жолдан таяр" дегендей, өмір болғасын әділеттілік пен әділетсіздік қатар жүреді, сондықтан жемқорлық жайлаған заманда жалғыз адам қанша жоғарғы басшыларға барып қуынғанымен, олар бір-бірімен ауыз жаласып алса, тіптен жеңу қиынның қиыны болады. Ал , егер өзіңе сенімді болып, дәлелдейтін айғақтарын жеткілікті, оны қарайтын басшы адал болып, қолдаса жеңуге болатын шығар, тек кесірі кейін өзіңе тиіп кетпесе игі.
Айгерім,ол жерде періштенін еш қатысы жоқ періште алтынды не істесін.абайдың макал-мателдер қара созін оқымадынба?
Белгісіз
0 дауыс
Ешқандай мемлекет жемқорлықты жеңе алған жоқ. Ал Жапонияда ақшалай сыйлықтар заңдастырылған.
0 дауыс
Жемқорлық ешқашан жойылмайды,ол қоғам дерті.Жемқорлыққа итермелейтін өзіміз,Шаруамыз тез шешілуі үшін пара береміз.Бір жерге жұмысқа орналасу үшін дәрігерден 086 анықтама керек,ол үшін толық тексеруден өту керек,ал біз одан өтуге ерінеміз,не болмаса бір жерімізден кінарат табылып қала ма деп,ол анықтаманы алу үшін ақша береміз.көлікпен келе жатырып жол ережесін бұзсақ,МАИ инспекторына ақша ұсынамыз,ол алмаса одан жаман адам жоқ,оны жамандаймыз,міне осылай өзіміз папрақорлыққа мәжбүрлейміз.
0 дауыс
жоқ оны  жеңе алмаисың қазір барлық жұмыстың бәрін ақша шешіп тұр өзіңніңде берген кездерің болған шыгар өз пайдаң үшін  оқу орнына да емтиханнан өту үшін ақша берет сенде берген шығарсың әәә

Ұқсас сұрақтар

...