+2 дауыс
2.4k көрілді
1) Кей кезде түнде ұйықтап жатып, тықыр-сықырдан оянып кетсем, қайта ұйықтай алмаймын,әр нәрсені ойлап,уайымдаймын. Бұл менің анамда да бар. Валериана шөбі көмектеспеді.Не істеуге болады?

2) Бүкіл дұғаларды оқып, ерте өзімді ұйықтатып, ауыз бекіткеннен соң, мүлде ұйықтамайтын болып жүрмін. "1 түнгі ұйқы 40 күнмен пара-пар" дейді ғой, күн мен түнді алмастырып алған секілдімін. Қандай ем,дәрі-шөп ішсем, қандай дұға оқысам, тез әрі алаңсыз ұйықтар екенмін.Әлде рамазан айы, ораза ұстағасын(оразаға кінә артпаймын)  бәрін де сондай бола ма?Әйтеуір, күндіз еш нәрсеге зауқым болмай, денем ауырлап,шаршап жүрем.Өтінем,кеңес беріңіздерші!сж.толық ақпарат таба алмадым интер-н. Қалай ретке келтіремін?Алдын-ала рахмет!
Күні бойы белсенді бол спорт тұрғысында,т.с.с. Бір минут та кідірмей, өзіңе қажетті әрі дене шынығуыңды талап ететеін әрекеттер арқылы ШаРшА бір сөзбен..және күннің аяғында ұйқы дәрісін ішіп жіберіп,массаж жасатсаң (кәсіби мамандарға) тәтті ұйқыңа риза боласың. Маған көмектесті. Алла шипаңды берсін.
Рахмет,әумин!осылай істеп көрем,ИНШАЛЛА көмектесетін шығар!

6 жауап

0 дауыс
ұйықтар алдында құлағыңа мақта тығып алып ұйықта, ештеңе естімейсің тас болып ұқтап қаласың
0 дауыс
Қалыпты адам жастыққа басы тигеннен соң 30 минут ішінде ұйқыға кетуі керек. 4-10 сағат ұйықтаса қалыпты болады. Ал ұйқы қашу бір айдан артық уақыт жалғасса, әр аптада кемінде 3 рет ұйықтай алмай жүрсеңіз немесе түнде оянып кеткесін қайта ұйықтай алмай қойсаңыз, жұмыста қалжырап, рухыңыз серпілмей, жұмысқа зауқыңыз соқпаса, онда сіз ұйқысыздық ауыруына шалдыққан боласыз. Алдын алужәне емдеу үшін уақытында демалу, жұмысқа уақытында шығып, уақытында түсу, кеш кірген соң миды шаршататын, тітіркендіретін ой еңбегімен шұғылданбау, өз-өзін тыныштандыруды, бойды бос ұстауды үйрену, түнде қою шай,кофе ішпеу, шалқадан жатып кітап оқымау керек. Төменде тез ұйықтаудың бірнеше әдістерін көрсетейік: 1.Жатар алдында аяқты жылы сумен жуу немесе табанды саусақпен 90-100 рет ақырын тарау қажет, осылай болғандақан айналысы тездеп, тыныс жол жүйесі ашылады; 2.Ұйықтар алдында екі қолмен құлақтың сырғалығын ақырын уқалау, сырғалықты уқалағанда жүректің соғуы баяулап, өне-бой балбырай бастайды; 3.Жатын орынға малдас құрып отырғаннан кейін шалқайып бір минут тұру керек, сосын аяқты көсіліп бұлшық етті бос ұстап, бір қалыпты тыныс алса, ұйқы тез келеді; 4.Жатар алдында суытылған қайнаған су ішу немесе бір шыны сүт ішу қажет. Ақпарат http://massaget.kz сайтынан алынды.
0 дауыс
Ұйқысыздықтың тағы бір себептерінің бірі (уайымдамай, жүйке тозбай жүргенде көбінесе осы болар): адамның ұйқысы келуі үшін әдетте шаршау керек, және ол шаршау тек қана физикалық шаршау емес, мидың да шаршауы. Ол шаршау әдетте 16-18 сағат ұйқысыз жүргенде келеді. Егер де адам кеш тұрғанды әдет қылса (сағат тек таңғы 8,9, тіпті 10-дарда тұратын болса), "шаршау" тенгі 12, 1-2-лерде ғана келеді. Күн шықпай тұрып тұруды әдет қылсаң ұйқың түзелуі керек.
+1 дауыс
Күндіз ұйықтауға уақытын болмаса, күні бойы әрі бері жүгіріп көп физикалық қимылдасан мен сияқты ұйықтап жатқанында қасыңнан бомба жарса да оянбайтын боласын :)) Көп өмір сүргендердің айтуынша адам тоймай тамақ жеп, ұйқы толық қанбай жүруі керек екен)
0 дауыс
Құлағыңызды бітеп жатыңыз.
0 дауыс
Құлаққап тағып ал да ұйықта!
...