0 дауыс
8.6k көрілді
республикалық,облыстық қазақ тілі мен әдебиеті бойынша пәндік олимпиада тапсырмаларын қайдан алуға болады

1 жауап

0 дауыс
8-сыныпқа арналған олимпиада тапсырмалары

(Орыс тілінде оқытатын мектептер)

І тур

Мазмұндама

Не тәтті?

Жиренше шешен бір күні жолда бір баланы көріпті де, былай деп сұрапты:

Дүниеде ең тәтті не, балам?

Сонда бала былай жауап беріпті:

Бал тәтті, - деген екен.
Ал жұмсақта не жұмсақ?

Мамық жұмсақ.

- Қаттыда не қатты?

Тас қатты.

Бұл баланың жауабын екінші бала тыңдап тұрыпты. Ол Жиренше шешенге былай депті: «Осы сұрақтарға мен де жауап берейінші, рұқсат етіңіз».

Ал, айта ғой, не тәтті? - депті Жиренше шешен.
Ананың сүті, - деп жауап беріпті бала.
Не жұмсақ?

Ананың қолы.

Ал енді не қатты?

Әкенің жүрегі, - депті бала.

Жиренше шешен екінші балаға риза болып, балаға батасын беріпті. (30 ұпай)

8-сынып

Тест

«Оңай» деген сөздің антонимін табыңыз.

а)ауыр

ә)қысқа

б)қиын

в)ұзын

Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсетіңіз

а)айттым

ә)киімім

б)білім

в)жүзім

Тура мағынадағы сөз тіркесін табыңыз.

а)биік ой

ә)биік ағаш

б)биік тұлға

в)биік арман

Қай сөз тіркесі дұрыс?

а)кең алма

ә)кең бөлме

б)кең тіс

в)кең шаш

Асты сызылған сөзге қандай сұрақ қоюға болады? Мен ертең үйде боламын.

а)қалай? ә)қандай?

б)қашан в)қанша?

Жедел өткен шақтағы етістігі бар сөйлемді табыңыз.

а)Бүгін кешке мен теледидар көремін.

ә)Сен осы жерде тұрасың ба?

б)Оқушылар мұғалімді тыңдап отыр.

в) Мен үйге автобуспен келдім.

Мақалды аяқтаңыз: Күлме досыңа ...

а)ойлап сөйле ә)өз тіліңді құрметте б)қызыл тіл  в)келер басыңа

Пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз.

а)Оқушылар мұғалімді тыңдап отыр

ә)Кешке дейін ініммен үйде болғым келеді

б)Халық батырына риза болады

в)Менің анам -тамаша адам.

Қай сөздің жазылуында қате бар?

а)мұрын ә)кереует  б)бөлме  в)құлақ

Жіктік жалғау 2 жақ, көпше тұрған сөзді табыңыз.

а)барамыз

ә)барасыңдар

б)барасыз

в)барады (20 ұпай)

2 - тур

Мәтінді оқыңыз. Мазмұны бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

Ыбырай Алтынсарин Қостанай облысында туған. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз. Қазақ балаларына арнап алғаш рет мектеп ашып, өзі ұстаз болған.

Балаларды оқу-білімге шақырып, өлең, ертегі, әңгімелер шығарды. Өзінің бүкіл өмірін ұстаздық іске арнаған ол «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды.

Берілген тақырыпқа әңгімелеп беріңіз.
Асты сызылған сөйлемдегі сөздерге жазбаша түрде морфологиялық талдау жасаңыз.
Өзіңізге ұнайтын өлеңді мәнерлеп жатқа айтыңыз.

8 – сыныпқа берілген арнаулы тақырыптар

Менің сүйікті жануарым
Менің сүйікті тағамым

Менің арманым

Білімнің өмірдегі маңызы туралы.

Менің сүйікті кітабым (50 ұпай)

 9-сыныпқа арналған олимпиада тапсырмалары

Облыстық олимпиада I тур

9 сынып

Мазмұндама

Жақсылардың жақсысы

Баяғыда бір ақылды қарияның жалғыз қызы болыпты. Қария бірнеше бөлмелі, жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйінің айналасы бау-бақша екен. Қарияның кішкене қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Қыз кірмеген жалғыз ғана бөлме қалады. Ол бөлме жабық тұрады екен.

Бір күні қыз қарияға:

Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда, жақсырақ қой деп ойлаймын, - дейді.
Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың. Өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың, - деп жауап қайтарады әкесі.

Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Қария қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады. Қыз қуанып есікті ашып жібереді. Сонда оның көргені – ұршық пен өрмек және кітап. Олардан өзге түк жоқ. Қыз әкесіне жылап келіп:

Әке, сен жабық бөлмеде жақсылардың ең жақсысы бар деген едің. Мен одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым, - дейді.
Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады. Ал кітап оқысаң, білім артады. Дүниеде бұдан артық жақсы жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады, - деп түсіндіреді қария. (30 ұпай)

Тест сұрақтары

«сұлу» деген мағынаны білдіретін фразеологизмді табыңыз

а)көзді ашып жұмғанша

ә)көзі көрген

б)ай десе аузы, күн десе көзі

в)ит өлген жерде

Мақалды аяқтаңыз: Өнер алды ...

а)ойлап сөйле

ә)өз тіліңді құрметте

б)қызыл тіл

в)келер басыңа

Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз.

а)көзді ашып жұмғанша

ә)көзіңді аш

б)көзіңді жу

в)тез бар

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. ... көріп келдім.

а)өзіне

ә)өзінде

б)өзін

в)өзінің

«жаман» сөзінің синонимін табыңыз.

а)олақ

ә)тамаша

б)тәуір

в)нашар

Мақсатты келер шақтағы етістігі бар сөйлемді табыңыз.

а)Кеше кешке мен теледидар көрдім

ә)Сен осы жерде тұрасың ба?

б)Мен ауылда болғанмын

в)Мен бүгін үйге ерте бармақпын

Септік жалғауы бар сөзді анықтаңыз.

а)сыныбында  ә)баяғыда б)ұмытпа в)арманда

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз.

а)лар ә)ның  б)пін  в)хана

Айтылуы бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз

а)Айтбек  ә)өсүмдүк б)басшы в)көзқарас

Мына сөйлемнің дұрыс аудармасын табыңыз. Олжас хотел учиться.

а)Олжас оқуға барды.

ә)Олжастың оқығысы келді.

б)Олжас оқуды армандады.

в)Олжас оқығысы келеді.(20 ұпай)

9-сынып

ІІ тур

Мәтінді оқыңыз. Оған қандай ат қоюға болады? Мазмұнын айтып беріңіз.

Қазақстан Республикасының жері кең-байтақ. Оның биік таулары мен айдын көлдері, қалың ормандары мен жасыл жайлауы бар. Жер астында орасан зор табиғи байлықтар жатыр.

Республикамыздың астанасы – Астана қаласы. Ол еліміздің бас қаласы. Қазақстанда көптеген әсем қалалар бар. Олар: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Семей, Атырау, Орал, Түркістан, Қостанай, т.б.

Берілген тақырыпқа әңгімелеп беріңіз.
Асты сызылған сөйлемдегі сөздерге жазбаша түрде морфологиялық талдау жасаңыз.
Өзіңізге ұнайтын өлеңді мәнерлеп жатқа айтыңыз.

9-сыныптың 2-ші тапсырмасы бойынша арнаулы тақырыптар

1.Менің мектебім

2.Менің сүйікті мейрамым

3.Менің сүйікті пәнім

4.Маған ұнайтын спорт түрі

5.Қазақстан табиғаты (50 ұпай)

Облыстық олимпиада I тур

10 сынып

Мазмұндама

 Ала мысық

Бекежан оянғанымен, жылы төсектен тұрғысы келмеді. Тұруға ерініп, көзін бір ашып, бір жұмып, ұйқылы-ояу маужырап жата берді. Ол бір сәт көзін ашып жатып, бір нәрселер ойлаған болып еді, көзі өзінен-өзі жұмылып, мызғып кетті. Әлгі ойы түс сияқты бұлдыр тұманға айналды. Содан қайта ояна беріп, тағы бір нәрсе ойлайын деп еді, құлағына жіп-жіңішке үн ызың ете түскендей болды. Сергіп алып, құлағын түріп еді, үн жалғыз емес, бірнешеу болып үзік-үзік естілді және дәл өз төсегінің астынан шықты. Бекежан әп-сәтте жерге қарғып түсіп, етпеттеп барып, төсектің астына үңілді. Түкпірге таман, өзінің ала мысығының бауырында қыбыр-қыбыр етіп жатқан қызылшақа балаларды көрді. Ала мысықтың бір баласын қолына алып, аялағысы келді. Еңбектеп жақындайын деп еді, ала мысық көзі оттай жанып, пыр-пыр етіп, айбат шекті. Бекежан ала мысықтың бұл мінезіне әжептәуір ренжіп, не істерін білмей тұрып қалды. Кетейін десе, оларды қимайды, жақындайын десе, ала мысық жолатпайды.(30 ұпай)

Тест сұрақтары

1. Жедел өткен шақтағы етістігі бар сөйлемді табыңыз.

Бүгін кешке мен теледидар көремін.
Сен осы жерде тұрасың ба?
Оқушылар мұғалімді тыңдап отыр.
Мен үйге автобуспен келдім.
Мен Астанада болғанмын.

2. Мақалды аяқтаңыз: Күлме досыңа, ...

Ойлап сөйле
Өз тіліңді құрметте
Қызыл тіл
Келер басыңа
Өзің түсесің

3. Пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз.

Оқушылар мұғалімді тыңдап отыр.
Кешке дейін ініммен үйде болғым келеді.
Халық батырына риза болады.
Менің анам – тамаша адам.
Мектеп ауласы таза.

4. Қай сөздің жазылуында қате бар?

Мұрын
Кереует
Бөлме
Құлақ
Мұғалім

5. Жіктік жалғау 2 жақ, көпше түрде тұрған сөзді табыңыз?

Барамыз
Барасыңдар
Барасыз
Барады
Барайық

6. Септеулік шылауды көрсетіңіз.

Және
Сондықтан
Ау
Ғана
Туралы

7. Жақты сөйлемді табыңыз.

Менің киноға барғым келеді.
Сабаққа үнемі дайындалу керек.
Ауылдың шетінде құс фермасы бар.
Денсаулықты жас кезіңнен сақтауың керек.
Оның ештеңе істегісі келмейді.

8. Қай сөйлемде жанама толықтауыш бар?

Оспан ешкімнен қорықпайды.
Мен кітап оқыдым.
Сабақ оқыдық.
Даланы суреттеп отыр.
Мен досымды шақырдым.

9. Еліктеу сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

Еһе, бұл қиын жұмыс қой.
Үйде адам бар ма?
Әрине, талабың күшті болса, жеңесің.
Баяғы заманда бір шал болыпты.
Қоңырау шылдыр етті.

10. Түбір мен қосымша аралығындағы ілгерінді ықпалды көрсетіңіз.

Отрядқа жаңа адам қабылданды.
Сәнқойлық – талғампаздықтың бір түрі.
Сөзшең адамның бәрі шешен емес.
Түнгі самал егін басын тербейді.
Өзен жағасына бардық. (20 ұпай)

10  сынып

2 - тур

1 . Мәтінді оқып, мазмұнын өз сөзіңізбен айтып беріңіз. Мәтінге қандай ат қоюға болады? Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз.

Біреудің екі баласы бар екен. Бірі еріншек екен. Тек «жатсам» дей береді екен. Екінші баласы ерінбейді екен. Үнемі «жүрсем», «қыдырсам» дей береді екен. Ағайынды екеуі осылай «жатсам», «жүрсем» деп ерегеседі. Ағалы-інілі екеуі әкесіне барып жүгінеді. Әкесі оларға былай депті.

Жатқанға жан жуымайды, жүргенге жөргем ілінеді. (добыча найдется)

«Қазақ тілі не үшін керек?» тақырыбына диалог құрастырыңыз. Достық туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіз?
1-тапсырмадағы мәтінде асты сызылған сөйлемге жазбаша түрде синтаксистік талдау жасаңыз.
Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні мәнерлеп жатқа айтыңыз. (50 ұпай)

11 сынып

1 – тур

Мазмұндама

Қайрат пен Санат

Қайрат пен Санат бір жақта тұратын. Екеуінің де табиғаттану сабағынан тоқсандық бағалары «үш». Бірақ Қайраттың ылғи «үштерімен» қатар екі «төрті» бар.

Өткен жазда екеуі ауылдан шеткерірек қалың ақ теректің арасына барған. Шымшықтар оның арасына қаптатып ұя салыпты. Шиқылдаған дауыстан құлағың тұнады. Балапандары жұмыртқаны жаңа жарып шыққан ба қызыл шақа. Кейбіреуі аяғыңның астынан әлсіз шиқылдайды. Жел тұрғанда ұядан құлап қалған болу керек. Әйтеуір, айналаның бәрі шымшық, шымшықтың ұясы. Екеуінің қолында рогаткалары бар еді. Алдымен бірді-екілі шымшықты атып құлатты. Шалбарының екі қалтасы толған тас. Өздерінің әу бастағы мақсаты да шымшық ату ғой. Сәлден соң екеуі терекке өрмелеп шығып, бір-екі ұяны бұзды. Сосын үш-төртеуін…

«Әйтсе де біреулерден сұрап анықтамасақ болмайды, бұлай істегеніміз обал шығар», - десті олар.

Сөйтіп олар шымшықтың құсқа жататын-жатпайтынын мұғалімнің өзінен сұрауды жөн көрді.

Мұғалім оларға шымшықтың құсқа жататынын, оның да пайдасы бар екенін айтты. Енді олар құс атпайтын болды.(30 ұпай)

Облыстық олимпиада I тур

11 сынып

Тест сұрақтары

1. Фразеологизмді көрсетіңіз.

Тіс тазалау
Тісті көрсету
Тісті салу
Тіс жарымау
Тіс жұлдыру

2. ... еңбекте сыналады

Бала
Ақша
Қыз
Ер
Бай

3. «аты ел аузында» деген сөз тіркесінің мағынасын табыңыз.

Ашық
Анық
Жылдам
Уақытында
Белгілі

4. Жаңа сөзді табыңыз.

Жаңбыр
Төлқұжат
Өнеркәсіп
Алтын
Хан

5. Омоним бола алатын сөзді табыңыз.

Алтын
Жан
Алақай
Жоқ
Күз

6. Септеулік шылауды көрсетіңіз.

Және
Сондықтан
Ау
Ғана
Туралы

7. Жақты сөйлемді табыңыз.

Менің киноға барғым келеді.
Сабаққа үнемі дайындалу керек.
Ауылдың шетінде құс фермасы бар.
Денсаулықты жас кезіңнен сақтауың керек.
Оның ештеңе істегісі келмейді.

8. Қай сөйлемде жанама толықтауыш бар?

Оспан ешкімнен қорықпайды.
Мен кітап оқыдым.
Сабақ оқыдық.
Даланы суреттеп отыр.
Мен досымды шақырдым.

9. Еліктеу сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

Еһе, бұл қиын жұмыс қой.
Үйде адам бар ма?
Әрине, талабың күшті болса, жеңесің.
Баяғы заманда бір шал болыпты.
Қоңырау шылдыр етті.

10. Түбір мен қосымша аралығындағы ілгерінді ықпалды көрсетіңіз.

Отрядқа жаңа адам қабылданды.
Сәнқойлық – талғампаздықтың бір түрі.
Сөзшең адамның бәрі шешен емес.
Түнгі самал егін басын тербейді.
Өзен жағасына бардық.`20 ұпай)

2 - тур

1. Мәтінді оқып, мазмұнын өз сөзіңізбен айтып беріңіз. Мәтінге қандай ат қоюға болады? Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз.

Қатты суық боларда, құстар кешке қарай басқа уақыттағыдан гөрі ұзақ тамақтанады.

Торғайлар ағаштың бұтағында дыбыс шығармай қонақтап отырса, қар жауады, жел болмайды. Торғайлар қосылып, шықылықтаса, жылы болады. Бір жерге топталса, суық болады. Бұл – боран алдындағы өзгеріс.

Қарғалар топтасып қарқылдаса, аяз болады. Аспанда ұшып жүріп қарқылдаса, қар жауады. Суық боларда олар қанатының астына тұмсығын тығады.

2. «Менің сүйікті ісім» тақырыбына диалог құрастырыңыз. Өнер туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіз?

3. 1-тапсырмадағы мәтінде асты сызылған сөйлемге жазбаша түрде синтаксистік талдау жасаңыз.

4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні мәнерлеп жатқа айтыңыз.(50 ұпай)

Ескерту:  Екі турдан 80 ұпайдан жоғары алған оқушы жеңімпаз атанады
...