Көркем, жасартатын дәріні тапқан адам, немесе ғалымдар оның қалай жасалатынын өте құпия етіп сақтайды деп ойлаймын. Бұл осы дәріні жасайтын елге комерциялық жағынан,әкономикалық жағынан өте тиімді емес пе? Бұл өмірде кім қартайғысы келеді, шіркін ауырмай, сырқамай, күш қуатымыз бойымызда болып, беліміз бұкіреймей,бетімізді әжім баспай өмір бойы жас болып жүргенге не жетсін! Бір ғылыми журналдан оқығаным бар,адамды қартаймайтындай ету үшін клеткадағы митохондрияларға гендік модификация жасау керек деген.Бірақ бұл теория ғана.Гендік модификацияны адамға іс жүзінде жасағаннан құдай сақтасын деп айтар едім! Себебі гендік модификацияланған көкөніс,жемістердің адамға қандай зиян екенін естіп те, көріп те жатырмыз Ал енді өздерің ойлаңдаршы,сондай гендік өзгерістерді адамға жасаса не болмақ???Бұл жалпы табиғатқа ,жаратылысқа қайшы. .Меніңше адам ерте қартаймау үшін дұрыс жолмен жүру керек. Дұрыс жолмен жүру деген, арақ,темекі, есірткі дегендерден аулақ болып , дұрыс тамақ ішіп, спортпен шұғылдану.Өмірде өзіне дұрыс мақсат қойып,соған ұмтылу.Қартаю ол өмірдің заңдылығы,одан ешкім қашып құтылмайды. Тек әдемі қартая білейік.