Кенеге қарсы вакцина егіле ме?

+1 дауыс
2.2k қаралым
Тұмауға қарсы вакцина салынып жатады. Ал кенеге қарсы вакцина салына ма?
Тазалық

4 жауап

+3 дауыс
Жақсы жауап
Кене шаққанда болатын ауруларға қарсы вакциналар бар, бірақ оны барлық адамдарға сала бермейді, тек сол ауру ошақтарында тұратын тұрғындарға, сол жаққа жұмысқа келгендерге, көшіп келгендерге т.б. салынады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облысының кейбір аудандары жатады Конго Қырым гемморагиялық ауруының табиғи ошағына
+1 дауыс
Әрине салынады, бұл кенеден сақтанудың ең тиімді әдісі. Оны өзіңіз тұратын жердегі емханадан тегін ектіруге болады.
+3 дауыс
Кенеге қарсы вакцина салынбайды (ол жәндік емес пе), кене шаққанда таралатын ауруға қарсы салады (Кене энцефалиті)
0 дауыс
Кене шаққанынан туындауы мүмкін ауруларға қарсы екпелер бар. Мәселен тропикалық аймақтарға саяхаттау кезінде, сондай-ақ кене шағу қауіп жоғары аймақтарда кене энцефалитіне қарсы екпе жасалады. Оны салдыру-салдырмау әркімнің өз еркінде. Елімізде екпе салдыруға таңдау құқығы берілген. Екпе туралы толық ақпаратты мына жерденбілуге болады.

Ұқсас сұрақтар

127,728 сұрақ
322,342 жауап
153,210 пікір
72,716 қолданушы