Мына ақыл-кеңесті оқып көрші. Дәрігерлердің айтуы бойынша, анемия ауруына қыз-келіншектер мен кішкентай сәбилер көп ұшырайды. Әсіресе,4,5-5 жастағы балалар көп ауырады. Анемия балалардың бойларының өсуіне, буындарының қатуына, тістерінің дұрыс шығуына кері әсерін тигізеді. Анемияның белгілері Егер де теріңіздің бозарғанын, басыңыздың қайта-қайта айналып, ағзаңыздың әлсіреп, көзіңіздің қарауытқанын байқасаңыз, сізге дереу дәрігерге жолығу керек. Сондай-ақ, аяқ-қолыңыз тартылса, ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығып, тістеріңізтазалаған кезде қанаса, денсаулығыңызды тексертіңіз. Анемия қалай пайда болады? Анемияның пайда болуына ағзадағы темір мен В12 дәруменінің жетіспеушілігінен, қандағы гемоглобин көрсеткіштігінің төмендігінен туындайды. Сондай-ақ, ацетилин қышқылы немесе ибупрофен дәрілерін жиі қабылдау мен онкологиялық аурулар себеп болады. Кішкентай балаларда анемия инфекциялық аурулардан пайдаболады. Анемия ағзадағы темірдің аздығынан болады. Бұл олқылықты толтыру үшін міндетті түрде, ас мәзіріңізге зерсалыңыз.Дұрыс тамақтанбау мен ағзаға кері әсерін тигізетін тағамдармен ауқаттану анемияға жол ашады.Сондықтан да, көп мөлшерде жеміс-жидектер (оның ішінде алма, алмұрт, анар, қарақат, құлпынайт.с.с) мен көкөністер (қызылша, сәбіз, орамжапырақ, көк шөпт.с.с) пайдалану керек. Қызылшаны шикідей үккіштен өткізіп, оған анар мен балқосып, араластырыңыз. Күніне 2-3 мәрте пайдаланыңыз. Ас мәзіріңізде әрдайым жұмыртқа, ірімшік, балық, пісірілген ет сияқты тағамдардың болуын қадағалаңыз. Бұл тағамдарды жоғарыда айтылған көкөністер,жеміс-жидектермен бірге пайдалануға болады.Жартылай фабрикаттарға, химиялық және токсиокологиялық заттар көп қослыған тағамдарға, кофе, газдалған сусындарғаәуес болмаңыз.Олардың орнына сүтөнімдері мен пайдасы мол ауқаттарды көбірек пайдаланыңыз. Дәрігерлер жылына екі мәрте қан тапсыру керектігін айтады. Денсаулығыңызға салғырт қарамай, уақытылы ем қабылдасаңыз, кез келген аурудың алдын ала алатындығыңызды естен шығармаңыз. Ақпарат http://massaget.kz сайтынан алынды.