+1 дауыс
942 көрілді
Рейтинг MPAA деген не ?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Сіздің сұрап тұрғаныңыз, сөз жоқ, MPAA (Motion Picture Association of Ame­ri­ca) белгісі. Бұл – ата-аналарға балала­ры­ның көруіне болатынын немесе болмайтынын анықтауға көмектесетін рейтинг жү­йесі. Оның мынандай түрлері бар: 1. G рейтингі— жасқа шектеу қойыл­майды, яғни аталған фильмнің өне бойында балалардың психикасына әсер ететін көріністері жоқ фильм­дерге берілетін рейтинг. Ол отбасыға арналған классикалық комедиялар мен мультфильмдерге бері­леді. 2. PG рейтингі— ата-аналардыңтарапынан қадағалауды талап ететін фильмдер. Картинаның кейбір көріністерін ата-аналар балалары көруіне болмайды деп есептеуі мүмкін, бірақ фильмде есірткі пайдаланатын, сексуалды эпизодтар мен көрі­ніс­тер мүлдем болмайды. PG рейтингі хор­рор немесе триллер жанрындағы фильм­дерге ешқашан берілмейді. 3. PG-13 рейтингі— 13 жасқа дейінгі ба­лаларға көруге тыйым салынған, экранда зорлық-зом­былық және жалаңаштану көрі­ністері болмаға­ны­мен, есірткімен байланысты эпизодтар мен секспен байланысты сөздер кездесуі мүмкін. 4. R рейтингі— 17 жасқа дейінгітұл­ғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті, себебі онда сексуалды көріністер, есірткі пайдаланумен байланысты эпизодтар, боқтық сөздер, зорлық-зомбылық бей­нелер кездеседі. 5. NC-17 рейтингі— 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін көруге тыйым салынады. Фильмде өте ашық сексуалды сәттер, аса ауыр зорлық-зомбылықтары бар эпизодтар мен сәйкес слэнгтер кездесуі мүмкін, бірақ ол біржақты әдепсіз немесе порно­графиялық фильм дегенді білдірмейді. Дегенмен кинотеатрлар NC-17 рейтингіндегі картиналарды алмауға тырысады, сондай-ақ ол фильмдерді бұқаралық ақ­па­рат құралдарында жарна­малауға тыйым салынады. Ақпарат http://www.alashainasy.kz сайтынан алынды.
рахмет елжан, меніңде сурағаным осы
Оқасы жоқ!
...