0 дауыс
21.3k көрілді
Бағана ара шағып алып еді, енді сол шаққан жер өте үлкен болып ісіп кетті, сол жердің іскенін қалай қайтаруға болады?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Егер ара шағып алса сізге марганец ерітіндісі (марганцовка), мұз, түймедағымен ақжелек (петрушка)қажет болады. 1-Қадам Біріншіден, жараның ішінде қалған араның бізгегін шығару кере. Ол үшін сізге пинцет немесе ине қажет болады. Қол астында бұндай көмекші құралдар болмаған жағдайда бізгекті саусақтарыңызбен шығарып көріңіз, бірақ бізгекті одан әрі терең итеріп тастамаңыз. Әрине ара шағып алған жерді және пинцет, ине немесе саусақтарыңызды алдын ала сумен немесе сутек тотығымен тазалаңыз. 2-Қадам Марганец ерітіндісін суға ерітіңіз. Жылы суға калий перманганатын (марганцовка)салыңыз, судың түсі қызыл-күлгін болуы керек. Ерітіндіні мұқият араластыру керек. Осы ерітіндіге мақтаны малып, шағылған жерді сүртіңіз. Марганцовканың орнына сутек тотығын немесе тұздалған су қолдануға болады. Қол астындабар заттарды қолданыңыз. 3-Қадам Шағылған жергемұз кесегін басыңыз. Ол жараның ісінуін кемітеді. Дәрі қобдишаңыздан белсендірілген көмір табылса, оның 3 дәрісін майдалап, 1 шай қасық су қосып, араластырып, жараның бетіне жағыңыз. Бетін дәкемен жабыңыз. Осылайша шағылған жердің уы тезірек кетіп, ісінбейді. 4-Қадам Енді жараны іштей емдеу керек.1 шай қасық кептірілген шайқурай (зверобой), қырмызы(календула), түймедағы не шалфей өсімдіктерін 1 стақан қайнаған сумен араластырып, 15-20 минутқа қойыңыз. Ерітіндіні сүзіп, жартысын бірден, екінші жартысын 1 сағаттан кейін ішіңіз. 5-Қадам Кейбір жағдайда шағылған жер қызарып, қатты ісіп кетеді. Ісікті басу үшін, балғын ақжелек жапырақтарын майдалап, үстіне қайнаған су құйыңыз. Суыған кезде қайнатпаға таза мата не дәкені малып, жараның бетін басыңыз. Ара шаққаннан кейін өзіңізді нашар сезініп, жүрегіңіз айнып, қызуыңыз көтеріліп, дем алумен қиындықтарыңыз болса, тезірек дәрігердің көмегіне жүгінгуіңіз керек. Бұл аллергияның белгілері болуы мүмкін. Ақпарат http://massaget.kz сайтынан алынды.
0 дауыс
ара шағып алған жеріне лай жақ немесе тұз жағып көр тұз жаққанда ашиды шыда
0 дауыс
Шаққан жерге тұз сеуіп үтін ылғал шүперекпен байлап қойыңыз, сәлден кейін ісігі қайта бастайды.
0 дауыс
балшык жагу керек немесе топырак
менде осы тәсілді пайдаланам
Белгісіз
0 дауыс
Лай жағу керек. Ол араның уын тартады. Мұздай нәрсе бассаңыз ісікті болдырмайды.
0 дауыс
Тұзды сумен уқалап
...