0 дауыс
1.2k көрілді
Маған олимпиадалық іріктеу конкурсына мысал есептер шұғыл түрде керек еді. Физика-Математика бағытындағы мектептің конкурсына. Негізінде Прогрессия, теңдеу , тригонометрия келетінін білемін. Бірақ нақты келген мысалдары керек еді. Математикадан не болмаса физикадан есеп тауып берсеңіздер. 9 сыныпқа дейінгі материалдардан болса. +1 мен ЖЖ-ны аямаймын. Егер жауап ретінде тауып берсеңіздер...

1 жауап

0 дауыс
9-класс

1. Аэростат жерден вертикаль жоғары   0,2  м/с2  үдеумен көтеріле бастады. 10  с уақытттан кейін одан жүк құлайды. Жүк құлаған мезеттен бастап ,қанша уақыт өткеннен кейін жерге түседі? Жүк координасының уақыттан тәуелділік графигін тұрғызыңыз. g=10 м/c2.  (5 ұпай)
2. Болат шарик тегіс еден бойымен үйкеліссіз сырғанап, Болат қабырғаға  соқтығысады, Шарик кабырға жаэықтығынан перпендикуляр бағытта шағылып ұшу үшін  фбұрышы қандай болуы керек ?шарик пе н қабырға арасында\ғы үйкеліс коэфиценті   (5 ұпай)                 
3. Серіппенің бір ұшы столға қағылған шегеге, ал екінші ұшы жүкке бекітілген. Жүк стол бойымен үйкеліссіз сырғанай отырып , шеге маңында v сызықтық жылдампен айнаймалы қозғалыс жасайды . Жүк қозғалатын шеңбердің радиусын табыңыз. Деформацияға  ұшырамаған серіппенің ұзындығы L. Серіппеге жүк бекітілген кезде  оның ұзындығы 2L есе артады . Серіппе  массасын ескермеуге болады оның ұзаруы жүктемеге тура пропорционал екенін ескеріңіз. (5 ұпай)
4. U-тәріздес, вертикаль  орналасқан түтікшенің біршама бөлігі сұықпен толтырылған. Түтіше бағандарының ашық шеттерінен сұйық деңгейіне дейінгі арақашықтық  һ. Түтікшедегі сұйық төгілмеу үшін , оның бір бағанына, әлдеқайда жеңілірек сұйық қабатының қандай максималь қалыңдығын құю қажет ? Сұйықтар  тығыздықтарының қатынасы   k    (k >1) Сұйықтар араласпайды.            (5 ұпай)
...