0 дауыс
4.3k көрілді
Достар <<ХИЖРА КҮНТҮЗБЕСІ>> дегeніміз не екендігін біліп бере аласыздарма
Интернетте жазылған, еріккендердің қойған сұрағы секілді.

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Һижра,һиджра, їижра ( араб.:هجرة — көшіп жүру, қоныс аудару( — Исламдінін ұстайтын мұсылманелдердегі жыл санау жүйесінің басталатын күні. Хижра күні біздің күнтізбеміз бойынша 622 жылдың 16 шілдесіне,жұма күніне келеді. Бұл күні Мұхаммед (ғ.с.) Меккеден Мединеге(бұрынғы аты Ясриб) қашып барып паналаған. Өйткені Меккедегі исламдініне қарсы болған арабтаралғашқы кезде Мұхаммедтіөлтірмекші болған. Хижра дәуірін Мұхаммедтің орнына отырған екінші халиф Омар(Ғұмар бин әл-Хаттаб) 637 жылы тағайындаған. Хижра күнтізбесінде жыл Ғұмардың жарлығы бойынша 12 айға бөлінген, тақ нөмірлі айлар 30 күннен, жұп нөмірлі айлар 29 күннен есептелген, айлардың белгілі атаулары болған. Сонда жыл 354 күн болады. Бертін келе арабтар күнтізбені табиғи маусымдарға сәйкес келтіріп отыру үшін, әрбір 30 жылда 11 рет жылды 355 күннен есептейтін болды. Осыған орайжылдың соңғы айы — зұлхиджаәрбір 30 жылдың 19 жылында бұрынғысынша 29 күннен, 11 жылында 30 күнненесептеледі. Зұлхиджаның қай жылдары 30 күннен алынатындығы жөнінде тиянақты ереже бар. Бұл күнтізбе ай Хижрасы деп аталады. Кейбір мұсылман дініндегі елдерде ( Түркия, Иран, Ауғанстан, т.б.) жыл санау жүйесінің басы ретінде Хижра, яғни григориан күнтізбесінің622 жылы алынады да, жылдың ұзақтығы григориан күнтізбесіндегідей, 365 (366) күннен есептеледі. Бұл күнтізбекүн Хижрасы деп аталады. Ай Хижрасы бойынша бір жылда 354 не 355 күн болады, ал біздің күнтізбеміздегі бір жылда 365 не 366 күн бар. Біздің жылымыздан ай Хижрасындағы жылдың 11, кейде 12 күні кем. Сондықтан бізше бір жылдың ішінде ай Хижрасын қолданатын елдер жаңа жыл мейрамын екі рет өткізуі мүмкін. Мысалы, ай Хижрасының 1396 жылы 1976 жылы 3 қаңтарда, ал оның 1397 жылы 1976 жылы 23 желтоқсанда басталды.
+1 дауыс
Мұсылманша жыл санау күнтізбесі хиджра деп аталады.https://surak.baribar.kz/438/ мына сілтемені көрші
0 дауыс
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін 1431 хижра жылы басталды (мұсылман жыл санауы бойынша). Хижра күнтізбесі бойынша 1431 жылдың бірінші күні

Ұқсас сұрақтар

...