0 дауыс
713 көрілді
Сізден шетелдік азамат қай жақтан боласыз деп сұраса сөз жоқ Қазақстан дейсіз,ол азаматқа елімізді қалай сипаттап бересіз?

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен жай Қазақстан демеспін,мен зор мақтанышпен:"ҚАЗАҚСТАН" дер едім. Жерін сипаттасам: Қазақтың сайын даласы бар. Сол даласына тек қазақтың өзі ие. Ал даласы  ешқай жерде жоқ байлыққа толы. Алыстан қарасаң да биік болып тұрар тауы,мөп-мөлдір суы бар өзен-көлдері,кен десе кені, жер десе кәдімгі жер емес,ЖЕРҰЙЫҚ дерсің. Ал халқың айтсайшы!!! Қонақжай,кеңпейіл-адамдар.  Осындай ғажайып қасиеті бар Қазақстанды, мен,бүкіл Дүние жүзіне үлгі тұт дер едім.
+2 дауыс
Біздің Бәйтеректі сипаттап берер едім ! Кең өлкелі сарыарқаны сипаттап , Ханшатыр жайында айтар едім !
Астананың "зәулім" орталығын білмейтін шет елдік жоқ шығар
+3 дауыс
Қазақстанның сұлулығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мен ол адамды Қазақстанға шақырып, аралатып қандай мемлекет екенін өз көзімен көрсетер едім.
0 дауыс

Еліміз жайлы толыққанды ақпарат мәтіні жазылған, ұлтттық оюмен  өрнектелген, ашық көк түсті фоны бар қалың қағаз ұстатамын дағы төмендегі презентацияны көрсетемін:

 

+1 жақсы идея!
+1 дауыс
Бәрің былай істеймін,бүйтемін,сүйтемін деп бөсіп отырсыңдар.Шет елдің адамына қалай түсіндіресің оған?Ең дұрысы дүниежүзілік картаны алып,Қазақстанның шекарасын көрсету керек.
0 дауыс
Мақалды қате жазсам айып етпессіздер!

1000 рет естігеннен Бір рет көрген артық - деп, келіп қалыпсыз көрсетіп жіберейін деп шет елдіктің арқасында өзімде қыдырып қалар ем!!! Елде риза мен де риза!!!!))))))))))))))
+1 дауыс
Елімізді сипаттағанда тек қана Астананы емес, Алматы, Атырау сияқты қалаларды айтып, табиғатын, қазақтардың қонақжайлығын мен жақсы қасиеттері туралы да  сөз қозғап кетер едім.
0 дауыс
Есентай молл мен Апорт сауда орталығын айтар едім!
...