* Егер ықылық тисе асықпай, аз-аздан салқын су ұрттап ішіңіз. * Кішкене мұз түйірін немесе нанның қаттысын жеп жіберіңіз. * Лимонның бір бөлігін жеп жіберуге болады. * Жарты шай қасық шекер жеу керек. Оған ықылық қайтпаса араға 4 минут салып екіншісін жеңіз. * Ықылық тигенде терең тыныс ала ауа жұтып, шыдамыңыз жеткенше оны іште ұстаңыз. Осылай бірнеше рет қайталау керек. * Басыңызды барынша шалқайта ішке дем тартып, іштей онға дейін санаңыз. Одан кейін іштегі ауаны тез арада сыртқа шығарып, бірнеше жұтым су ішіп жіберіңіз. * Ықылықтан демалу қиындап бара жатса тегіс жерге жатып, жыланша жиырылыңыз. Денеңізді барынша кішкентай қалыпқа келтіргеннен кейін асықпай, рахаттана керіліңіз. Көресіз, бұл амалдар ықылықтан тезірек құтылуға көмектеседі. Ақпарат http://www.zamana.kz/ сайтынан алынды.