0 дауыс
27.1k көрілді
Жалпы қалай тез ұйықтап қалуға болады? Әдiс тәсiлдерiн айтып жiберсеңдер?
сұрақты 2 рет қойып жіберіпсің)

5 жауап

0 дауыс
МЕдляк музыка тыңдасаң ұйқың келеді жатарда,сосын ұйқта алдыңда тамақ,кофе ішпе,олар ұйқыңды қашырады
0 дауыс
Күнде білгілі бір уақытта жатып үйрену керек, сонда адам уақыт келгенде автоматты түрде ұйықтағысы келеді.  Салауатты өмір салтын ұстану керек (яғни физический шаршау керек) .  Жатар алдында тым көп тамақ ішпеу керек.  Түнде ұйықтай алмасаңыз, күндіз ұйықтағаннан бас тартыңыз. Қараңғы бөлмеде (жарықтың барлығын өшіріп) ұйықтасаңыз, тез ұйықтайсыз! Жатар алдында телевизор көрудің қажеті жоқ. Көптеген адамдар ұйықтар алдында кітап (скучный кітап) оқиды, тез ұйықтауға көмегі бар.  Ұйықтар алдында бөлмені желдеткен дұрыс! Жатар алдында таза ауаға шығып, серуендеп келіңіз.  Ұйықтар алдында спортпен айналысқан дұрыс емес. Ваннаға түсіп алсаңызда болады. Төсекке жатқаннан кейін, көзіңізді жұмып бір нәрсені армандап жатсаңыз да тез ұйықтап кетесіз .  Ұйықтамай тұрып 1 сағат бұрын травяной чай н/е жылы сүт ішуге болады. Есіңізде болсын, кофе ұйқыны қашырып жіберуі мүмкін.
0 дауыс
Қалыпты адам жастыққа басы тигеннен соң 30 минут ішінде ұйқыға кетуі керек. 4-10 сағат ұйықтаса қалыпты болады. Ал ұйқы қашу бір айдан артық уақыт жалғасса, әр аптада кемінде 3 рет ұйықтай алмай жүрсеңіз немесе түнде оянып кеткесін қайта ұйықтай алмай қойсаңыз, жұмыста қалжырап, рухыңыз серпілмей, жұмысқа зауқыңыз соқпаса, онда сіз ұйқысыздық ауыруына шалдыққан боласыз. Алдын алужәне емдеу үшін уақытында демалу, жұмысқа уақытында шығып, уақытында түсу, кеш кірген соң миды шаршататын, тітіркендіретін ой еңбегімен шұғылданбау, өз-өзін тыныштандыруды, бойды бос ұстауды үйрену, түнде қою шай,кофе ішпеу, шалқадан жатып кітап оқымау керек. Төменде тез ұйықтаудың бірнеше әдістерін көрсетейік: 1.Жатар алдында аяқты жылы сумен жуу немесе табанды саусақпен 90-100 рет ақырын тарау қажет, осылай болғандақан айналысы тездеп, тыныс жол жүйесі ашылады; 2.Ұйықтар алдында екі қолмен құлақтың сырғалығын ақырын уқалау, сырғалықты уқалағанда жүректің соғуы баяулап, өне-бой балбырай бастайды; 3.Жатын орынға малдас құрып отырғаннан кейін шалқайып бір минут тұру керек, сосын аяқты көсіліп бұлшық етті бос ұстап, бір қалыпты тыныс алса, ұйқы тез келеді; 4.Жатар алдында суытылған қайнаған су ішу немесе бір шыны сүт ішу қажет. Ақпарат http://ramazanuli.blogcn.com/ сайтынан алынды.
0 дауыс
Ең алдымен кешкі тамағыңызды ішіп алғаннан кейін, кішкене далаға серуендеп келіңіз.Содан соң ұйықтар алдында (қайтадан тамаққа тойып алуыңдың қажеті жоқ) салқын душ қабылдап алыңыз, немесе салқын суға беті-қолыңызды жуып алыңыз.Мұның бәрін сағат 12 ге дейін істеп.12 де ұйқыға жатыңыңз.Ұйқыға жатар алдында, осы өткен бір күніңізге Алладан шүкіршілік етіп, камилаңызды оқып(түнде ұйқыңыз тыныш болу үшін) ұйқыны тебіңіз.Таңертең 7 лерде тұрып таңғы жаттығулар жасаңыз.
0 дауыс
Көтіңізді сүртіп жатыңыз сонда ұйқы келед
...