0 дауыс
7.1k көрілді

Сәлем достар! Қостанай қаласы неліктен 'Қостанай' деп аталады???Кім біледі???smiley

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Газетіміздің 9 қараша күнгі  санында осындай атаумен мақала жарияланып, онда Қостанайға Рудный жағынан кіре беріске Мұхаметқали Рахалиевтың "Қос Тана" атты ескерткіш белгісі  қойылғаны   айтылған-ды. Мақала авторы Қостанай атауының шығуына Қос және Тана атты егіз қыздың себеп болғаны туралы айта келіп, бұл орайда ақын Ақылбек Шаяхметтің пайымдауына сілтеме жасаған болатын. Ал, шынтуайтқа келгенде, Ақылбек ақын өзінің 1997 жылы шыққан "Пирамида" атты кітабында  былай деп жазған еді:
"Қостанай ежелден қалыптасқан жер атауы, Алайда, осы Қостанай атының  қашан,  қалай қойылғаны туралы алып қашпа әңгіме көп те, жүйеге түсірілген зерттеу жоқтың қасы. Осыған орай, әсіресе, орыс тілінде сөйлейтін ағайындар, білместіктің кесірінен Қостанай атын орыстың "кусты", яғни бұта сөзімен де шатыстырады, немесе толып жатқан ақылға қонбайтын дәлелдер айтады. "Танай деген кісі болған екен, соның Тобыл жағасында жыртық қосы болған екен... Қостанай - Танайдың қосы деген сөз болу керек" деген аңыз да  бар.
Қостанай ғасырлар бойы қалыптасқан ана тіліміздегі мән-мағынасы сақталған төл атау. Сондықтан да оның атын ең алдымен туған жер тарихымен байланыстыра қарау керек екенін естен шығаруға   болмайды.
Белгілі жазушы Ақселеу Сейдімбеков өзінің "Күмбір-күмбір күмбездер" атты кітабының 1985 жылы "Жалын" баспасынан жарық көрген орыс тіліндегі нұсқасында ("Поющие купола") Асан-қайғы есімін осы өңірмен байланыстыра қарайды. Торғайдың шығыс бөлігін-де орналасқан Ұлытаудың басында Асан-атаның бәйбішесі Тана-әже жерленген. Оның басындағы ескерткішті халық Ақ-мешіт деп атайды. Автор Қостанай қаласының аталуын да осы Тана-әженің құрметіне қойылған Тана және Танай деген есімге ие болған   егіз   қыздың   есімінен   іздейді.
Мәселені нақтылай түсу үшін осы жайға қайта оралып отырмыз.

Толық ақпарат мына жерде.

+1 дауыс
Алғашқыда « Николаевка»деп аталды. 1893 ж. Қазақстанның құрамында болған бұрынғы Торғай облысындажаңадан ендірілген уездік аумақтық-әкімшілік бөлінісіне сәйкес оған «Қостанай» атауы берілді де, Қостанай уезінің орталығына айналды.
Кішкентай кезімде мынадай аңыз естігенмін:
Бір әулеттің анасының есімі Танай болады, сосын баласы үйленгенде, келінінің де аты Танай болыпты.

Жоғарыдайғы пікірге таңмын, қалайша егіздің атын бірдей қояды?)
...