+6 дауыс
848 көрілді

Құрметті сайт әкімшілігі. Сіздерден кешірім сұраймын. 

Бұл ескерту кейбір қолданушылардың екі аккаунтпен кіруіне байланысты болмақ. Қулықпен балл жинау ма, білмедім... Кейбір қолданушылардың IP мекендерін көріп, екі аккаунт арқылы балл жинап немесе сол секілді іс-әрекеттер жасап жүргенін байқап қалдым. Мысалға: Осы сайттағы Айдос_97 оның екінші аккаунты bvb11, үшінші және төртінші аккаунты Сер және Молдағалиев Серік

Дәлелдер:

 

Тек бұлар ғана емес екі аккаунтпен кіріп жүрген. Сондақтан барлықтарыңызға ескерту:

Егер сайтта осындай екі аккаунтпен кіріп жүрген қолданушылар болса, бірден Бан-ға кетеді. 

 

Бұл масқара емес пе? СЖ-ның дамуына кедергі келтіреді.

Сонда сіздер балл жинау үшін кіресіздер ме? Әлде біреуге қол ұшын созып, білмеген нәрсеңді білу үшін кіресіздер ме?

Сұрақтың жабылу себебі: .....
Жарайды сенейін Назжан. Тағы да осындай болса маған өкпелеме!
Ақжол, мысалы мен бұл қолданушыларды түсініп отырмын. Маған осы сайтта Эгоист Купидончик екінші аккаунтың деп жыныма тиген болатын, сосын келіп бір қолданушы  Еріккен қолданушы  деген сенсің ғой деп, Айдана деген сенсің деп  тағы қуды!  Ия, келісемін осы сайтта тіркелген ИП адрес бойынша Купи екеуміздің адресіміз бір. Еріккен қолданушының да атынан бірнеше рет кіргенім өтірік емес! Алайда барлығымыз жеке-жеке адамбыз! Екінші аккаунты, үшінші аккаунты деудің қажеті жоқ! Тіпті, сенің айтқаның дұрыс болсын! БАН-ҒА ЖІБЕР, ӨЗІНЕ АЙТ! БІРАҚ ЖАРНАМАЛАУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ. Бұл сайтқа алғаш кіргенімде қолданушының IP-адресі көрінбейді деген сияқты еді. АДМИН  ҚАЙДА ҚАРАП ЖҮР?!
Модераторларға көрінеді. Осындай келеңсіздікті болдырмау үшін.
Ақжол, Назжанды бостан бос жазғырыпсың, Наглый Қазақпен адресі келмейді анықтап қарап көрші. Наглый Қазақ осы сайтпен бірге жасасып келе жатқан қолданушы, ол ондай келеңсіздіктер ісмтемейді, ал қалған хулигандықты қатыра береді)))
Наглый емес Нағыз қазақ.
https://surak.baribar.kz/ip/195.189.123.4 Ооо,онда сенікі дұрыс, кешір, екі акаунты барларды тазалап жазалау керек.
БИз Назжан екеумиз болек адамдармыз!

10 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұрында осындайларды көретін едік.Көріп алып модерлер болып прикол ұстап отыратынбыз.Тіпті қызық қызық явлениялар болатын тұғын.

 

Общым бір күні осы сайттың модерінің басқа логинмен кіріп жүргені,небір анайы сұрақ қойып жүргені анықталды.Кейін осыны бір модерге айттым.Ол да күлді.Анықтасақ қазіргі айпилар каждый кірген сайын ауысып тұрады.Мысалға мен кеше басқа айпимен кірсем бүгін басқа айпи.Ал менің кешегі айпиіммен бүгін біреу кіріп қойылса,как будто мен екеуміз бір айпимен кіргендей боламыз.

 

Кароче айпиі келе қалса "ИТТІК" істеп жүр деп ойламаңдар.!!! өйткені айпи динамичный.
Сол бір басқа сыймайтын қызықты сәттер :)
Иә білемін ауысатынын. Менікіде солай. Бірақ мен көргенде бір уақытта екеуімен бір ай пимен кірген болатын.
Қазіргі "волна"лар дейм да ...өздерінше модерлігін ылғи көрсеткісі келе ме,қызық өтірік понт.Көкірегін "МЕН МОДЕРАТОР"мын деген ұран бар секілді.Ондайды қою керек қой!
Қайткенмен пендешілік қой.Алып бара жатқан баллды көрген жоқпын.тек сондай жағдайда ғана дабыл қағу керек.
+1 дауыс
Бұл жағдайға тек модераторлар сол қолданушыға ЕСКЕРТУ беру керек.

\Банды  мына жағдайда береміз:

-Сайттың әкімшілігіне ,қолданушыларға айтылған жамандау, намысына келетін, дөрекі т.б. сөздер

Банды әрі кетсе 3 күн беру керек,

.
Енді екі аккаунтпен жүрген қолданушының екінші аккаунтына бан беру керек емес пе?
"Бұл жағдайға тек модераторлар сол қолданушыға ЕСКЕРТУ беру керек." енді кіммін мен?
+1 дауыс
Охо, Айдостыкі біреу емес төртеу екен. Айдосқа күштірек жаза қолдану керек.
+1 дауыс
Ақжол,банға жіберсеңде сол қолданушыға жх жазып не үшін банда екенін айтсаңшы.
Мен оны соткамен бан-ға салдым. Онда жх жіберу мүмкін болмады. Қанша жазсамда жіберілмеді. Оның негізгі Айдос 97 аккаунтын аштым. қалғандары бан-да.
+1 дауыс
Балды көрсе қолданушы жолдан таяды))))))))
+1 дауыс
Ооо,онда сенікі дұрыс Назжан, кешір, екі акаунты барларды тазалап жазалау керек.
+2 дауыс
еки аккаунты барларды екеуинде косып удалить етип тастауга болмайма))оз басым 1 еуимен киремин!!!
0 дауыс

Екі аккаунтпен кіргенде қалай ҰПАЙ жиналады сонда?))) Мен де екеуімен тіркелгем. Бұрында бір "әділ"  модедатор осы аккаунтымды банға тығып тастаған болатын. Неге екенін Құдай білсін! Со кезде екіншісімен кіріп, админге хабарласып дегендей... Қазір онымен мүлде кірмеймін, паролін ұмытып калғам. Білмейм, екі логинмен кіргенде ұпайым көбеймеген сияқты.

Ұпай жинағанда біреуімен сұрақ қояды да екіншісімен жауап беріп, соны ЖЖ басады.
Мәә, мынау кімнің ойына келіп жүрген қулық!? басы жасайды екен.))))) Сосын "+" баса беретін шығар, екіншісіне
+1 дауыс
Ақжол ! Көтерген ойың дұрыс. Егерде сол бір айпи адрестен шыққан қолданушы акаунттары арқылы балл алғысы келсе. Былайынша орынсыз. Бұрындары бір үйге бір компьютер болу керек дейтін. Қазір адам басына бір компьютер керек. Мысалға мен дәл қазір қонақта отырған үйде 2 компьютер бар. Планшет смартфондар қаншама? Барлығы бір адресте. Бірақ қолданушыларының әр қайсысы жеке тұлға. олардың барлығы СЖ-ға тіркелген. Қазір кіріп отырған шығар? Адреске қарап сонда 10 аккаунтты бір адам игеріп, балл жинады деп айтуға болама? Мен жасырмаймын менің екі аккаунтым бар осы сайтта. Мен бірақ біреуінің өзін игеруге уақыт таппаймын.  Анық қанығына көз жеткізіп барып жариялау керек мұндай сұрақты. Айпи адрестері бір болды екен деп арам ойлау ешкімгеде жараспас. Мен СЖ ережесін 100 пайызға білемін. Бірақ онда бір адрестен 2 немесе онанда көп қолданушының отыруына болмайды деген бап жоқ! Демек сенің бан-мен қорқытуың орынсыз. Құзіретті асыра пайдалану болып табылады. Артық ренжіш болмасын. Бірақ бұл менің өз ойым. Ал сайт ережесінде өз ойыңды ашық білдіруге болады делінген.

                                                      Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды.

                                                                                                                      Бауыржан Момышұлы
Айтқаның дұрыс-ақ. Бірақ мен асығыс шешім шығарған жоқпын. Екі-үш күн аңдыдым. Қоймады. Банға салдым. Банныңда мерзімі болады. Ол оны күтпей артынан екі аккаунт ашты. Бұл тек Айдосқа арналған ескерту емес. Барлығы жадында түйіп жүрсін дедім.
Охотаға шығыпсың ғой. Сәттілік!
Белгісіз
+2 дауыс

Мүмкін Айдостың үйіндегі бауырлары да сайтқа кіретін шығар. Бар шығар іні, қарындас, аға,әпке. 

Ну дұрыс айтасың....
Иә бар шығар.... Бірақ, мен бақылап отырдым. БАН-ғасалған кезде сол ай пмен 5-10 минут бұрын тіркелген қолданушы сайтта жүрді. Аға-әпкелері кіретін болса баяғыда кірер еді. Бұның сайтта жүргеніне 1 жылдай болып қалған...
...