Пневмосклероз деген өкпе тканының шеміршектеніп, тыныс жолдарының деформациялануын айтады.кетуін .Бұл өкпенің созылмалы ауруларының асқынуы десе де болады. Пневосклероз болған өкпе өз функциясын дұрыс атқара алмайды. Шеміршектенген өкпе,өзінің эластикалық қабілетін жоғалтқандықтан тыныс алғанда өкпеге ауа өз мөлшерінен аз көлемде кіреді яғни адам терең рахаттанып тыныс ала алмайды, окпенің көлемі кішірейіп семіп қалады және газ алмасу процесі дұрыс жүрмейді.Адамда пневмосклероз асқынғанда противогаз киіп жүрген сияқты азапты күн кешеді. Емді пульмонолог дәрігерлер тағайындайды.Кей жағдайларда хирургиялық жолменде өкпенің деформация болған бөліктерін қалпына келтіруі мүмкін.