+2 дауыс
2.9k көрілді
Осы мен соңғы кезде көп жынданып жүрмін, сол көп жындану зиянба адамға?

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Соны айтам, мен де көп жынданып жүрмін! Зиян ғой, қайткенде де! жүйке жүйеге келген ауыртпашылық, мен өзім жынданғанда күлкілі нәрселерді еске түсіремін, менің жыныма тигісі келіп айтылған сөздерді соңғы кезде күлкіге айналдыруға тырысып жүрмін, баяғыда ішімнен бар өкпемді айтып жүретінмін. Сізге бір әңгіме айтайын ба?

Қожанасреддин түнімен ұйықтай алмай ақшаның жоқтығынан ашуланып жатады екен. Өзі көршісі Абдуллаһқа қарыз еді. Әйелі байқап: -Қожанасреддин! Қожанасреддин! не болды саған?-, деп сұрайды. Сонда күйеуі:-Абдуллаһқа қарыз едім, соны беруім керек, бере алмайтын болдым!-, дейді уайымдап. Сонда әйелі киініп Абдуллаһтың үйіне барады. Абдуллаһ есігін ашып: түн ортасында не болып қалды дейді әйелге. Сонда әйел: Абдуллаһ! Ал сен білесің бе? Саған ертең Қожанасреддин сен берген қарызыңды өтей алмайды-, депті. Үйіне келгенде Қожанасреддин әйелінен: қайда барып келдің?-, деп сұрайды. Үйіне келген әйелі: -Қожанасреддин! Тыныш ұйықтай бер! Енді түнімен сен емес, Абдуллаһ ұйықтай алмайтын болды!-,дейді.

Бұл жерде уайымды бір-біріне беру сияқты. Ал сіздің жыныңызға тиген адамның өзіне қайтарыңыз: әзілдей саласыз ба, әзілге айналдырып жібересіз бе өзіңіз білесіз!!!
рахмет қызық екен
0 дауыс
жүйкеге әсер еткесін пайдалы емес екенін өзіңде білесің ғо!
+1 дауыс
жоға, дым зияны жок. Жындана бер.
+2 дауыс
Әй қой! Кім айтып жүр олай?! Дым зияны жоқ! Қайта көп ашулансаң ағарып, семіріп, бетіңе қан жүгіріп "томпиып" шыға келесің!
+1 дауыс
Болмашыға жындана беру жүйке жүйеңе кері әсерін тигізеді,көп уайымдап,көп жындансаң тез қартаясың.Зиянды жақтары баршылық
0 дауыс
ЖАСӨСПІРІМДЕРге тән Қасиет қой)
0 дауыс
адамнын жүйкесіне өте зиян және көп уайымдаудан жынданудан ак шаштар пайда болады!!!
0 дауыс

Жүйкеге ауыр түсіреді.Өзіңзді сабырлы ұстауыңыз керек.

...