Соны айтам, мен де көп жынданып жүрмін! Зиян ғой, қайткенде де! жүйке жүйеге келген ауыртпашылық, мен өзім жынданғанда күлкілі нәрселерді еске түсіремін, менің жыныма тигісі келіп айтылған сөздерді соңғы кезде күлкіге айналдыруға тырысып жүрмін, баяғыда ішімнен бар өкпемді айтып жүретінмін. Сізге бір әңгіме айтайын ба?
Қожанасреддин түнімен ұйықтай алмай ақшаның жоқтығынан ашуланып жатады екен. Өзі көршісі Абдуллаһқа қарыз еді. Әйелі байқап: -Қожанасреддин! Қожанасреддин! не болды саған?-, деп сұрайды. Сонда күйеуі:-Абдуллаһқа қарыз едім, соны беруім керек, бере алмайтын болдым!-, дейді уайымдап. Сонда әйелі киініп Абдуллаһтың үйіне барады. Абдуллаһ есігін ашып: түн ортасында не болып қалды дейді әйелге. Сонда әйел: Абдуллаһ! Ал сен білесің бе? Саған ертең Қожанасреддин сен берген қарызыңды өтей алмайды-, депті. Үйіне келгенде Қожанасреддин әйелінен: қайда барып келдің?-, деп сұрайды. Үйіне келген әйелі: -Қожанасреддин! Тыныш ұйықтай бер! Енді түнімен сен емес, Абдуллаһ ұйықтай алмайтын болды!-,дейді.
Бұл жерде уайымды бір-біріне беру сияқты. Ал сіздің жыныңызға тиген адамның өзіне қайтарыңыз: әзілдей саласыз ба, әзілге айналдырып жібересіз бе өзіңіз білесіз!!!