+1 дауыс
Папканы не файлды дискетке қалай жылдам көшіруге болады?
16.07.2013 918 қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Папкалар мен файлдарды дискетке немесе ауыстырылатын тасымалдаушыларға көшіру үшін дискет диск жетегіне, ал флеш-карта USB портына қосылып тұрғанына көз жеткізіп алыңыз. Ауыстырылатын тасымалдаушыға көшірілуі қажет файлдар мен қалталардытаңдаңыз. Бірнеше файлды бөлектеп алу үшін пернесін басып ұстап тұрып, олардың әрқайсысын шертіп шығыңыз. Содан кейін тінтуірдің оң жақ пернесімен мәтінмәндік мәзірді ашып, Жіберу әмірін, ашылған тізімнен қажетті мекен жайды таңдаңыз. Көшірілетін файлдар көлемі ауыстырылатын тасымалдаушысыйымдылығынан аспауы керек екенін есте ұстаңыз. Файлдар мен қалталарды ауыстырылатын тасымалдаушыға көшіргеннен кейін, файлдардың көшірілгеніне көз жеткізу үшін оны қарап алған дұрыс.
16.07.2013
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы