0 дауыс
405 көрілді
Болашақ жарымның анасы менімен сөйлескісі келмейді. Ол мені баласының бұрынғы жарымен ажырасқанына кінәлі деп санайды, бірақ ол қателеседі. Мен күйеуімнің өмірінде болмаған кезде өздері айырылысқан. Басқа туысқандары менімен жақсы араласады. Не істесем де болашақ жарымның анасы маған жылы қабақ танытпайды, қалай осы мәселені дұрыс шешуге болады?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Бұндай жағдайлар өмірде көптеп кездеседі және оған көптеген себептер де болып жатады. Мүмкін болашақ жарыңыздың анасы бұрынғы келінін де ұнатпаған шығар, мүмкін жарыңыз ол кісінің жалғыз ұлы болар, не деуге болады. Әдетте жалғыз ұлды әкесіз бағып-қаққан аналар  ұлын келіні өзінен алшақтатып, бөліп алып кететіндей, ұлының бар назары анасын ұмытып келініне ауып кететіндей көрініп  қызғанатын болады,сол себептен келінін жақтырмай, тұқырта бергісі келеді.Бұл өте қиын, емі жоқ  жағдай, Аллам  келіндерді бұндай жағдайға түсуден сақтасын. Ал енді сіз айтқан жағдайда жарыңыздың анасы бұрынғы келінін өте жақсы көрген болуы да мүмкін, содан сіздің әрбір қылығыңызды сол кісімен салыстырып отыруы да мүмкін. Бұндай жағдайда өз шыдамдылығыңызға, көркем мінезіңізге, келешек ене болатын адамның жан-жүрегін жаулап алатындай мейірім-шапағатыңызға сенуіңіз керек. Осылар болса бәрі көп ұзамай орнына келеді.

0 дауыс
өзіңізді жаман қылықтарыңызбен танытып қоймағаныңыз жөн секілді уақыт өте ана жүрегі сізді де жақсы көріп қалар..

өз ойым ұнамаса басқаларды тыңдап көріңіз...
рахмет:)
жасым кіші болса да ойым терең деген үміттемін әрқашан көмекке дайынмын
))))қуаныштымын)) жағдай бірақ менікі емес. қарсы болмасаңыз пікіріңіз газетке шығады. бұл сауалнама))
ойбууу  әпкетай ұят болмайма .....  кіп кішкентай болып алып қараш өзін демесін.... қандай газетке...?
жасыңыз жазылмайды. тек атыңыз ғана және жауап. Тараз қаласында шығатын "Таңдау" газеті
ааа жақсы
0 дауыс
Шаңырақтың берекесі, үйдің ұйтқысы - әйел. Сіз өзіңізді тума-туыстардың, отбасыңыздың, жұбайыңыздың алдында жақсы жағынан көрсете біліңіз, үй шаруашылығына аса мән беріңіз. Енеңіз сізге сын көзбен қараса да мойынсынбаңыз, қабақшытпай сынды қабылдай біліңіз. Сонымен қатар, жұбайыңыздың жағдайын жасауды ұмытпаңыз, "Ақылды қыз -  күйеуін бақытты қылам деп, ақымақ қыз - өзім бақытты болам деп " - тұрмысқа шығады екен.  Сондықтан, сізде "отбасымды сақтап қалам, жарымның бақыты үшін, болашақта бәрі жақсы болады"  - деген сенім болсын.  Енеңіздің көңілін осылай таба аласыз деп ойлаймын.
...