0 дауыс
14.4k көрілді

Біреу көшеде талып қалса қандай алғашқы көмек көрсету керек? Дәрігер келгенше әрбір адам нені білуге мінетті? Әтеуір білетінім, көшедегі машинаны тоқтатып аптечкасын сұрау))) толық ақпарат болса! Барлығына да керек деген ойдамын.

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Егер біреу талып қалатын болса ең алғашқы көмек дәрігер шақырту. Содан кейін етке су шашу анау мынау кетет. Адам әр нәрседен талады: көбіне бастан күн өткенде, қанда қанттың аз болған жағдайды немесе көп болып кетсе (диабет аурулары бар адамдар), қан аздықта, аштықта.
Әр қайсысының өзіндік алғашты көмегі бар, бірақ бәріне бірдей дәрігер шақырту керек.
+1 дауыс
Ең алдымен адам бетіне су шашып, әтір иіскету керек. Есін жимай дем алмай жүрек соғысы нашарлап бара жатса жасанды тыныс беру керек. Өзімнің әзірге есіме түсіп тұрғандары осы.)
0 дауыс

Инсульт алған адамға жедел жәрдем келмей тұрып алғашқы көмек берудің маңызды зор. 
Алғашқы көмек беру үшін инсульттің қандай белгілері барын білу маңызды. Әдетте, инсульттің белгілеріне комаға дейінгі ойлау қабілетінің бұзылуы, ұйқышылдық (болмаса қызынуды сезіну), қысқа мерзімді естен тану жатады. 
Кейде бас айналу, бас ауруы, жүрек айнуы немесе лоқсу, кеңістік пен уақытты тұспалдауды жоғалту байқалады.

Вегетативті белгілері де байқалуы мүмкін: терлеу, жүректің жиі соғуы, ауыз қуысының құрғауы.

Инсульттің басқа белгілері де пайда болуы мүмкін: аяқ не қолдың әлсіреуі немесе сезімталдықтың төмендеуі, ерін болмаса бет мүшелерінің жансыздануы, тепе-теңдік пен қозғалыс үйлесімділігінің, көз көрудің бұзылуы, афазия (сөйлеудің бұзылуы).

Аурудың ең алғашқы минутында немесе сағатында көрсетілген медициналық көмек ең нәтижелі болып табылады.

Себебі, ол емдеудің қаншалықты сәтті өтетінін анықтайды. Мидағы қан айналымы бұзылған сәттегі алғашқы 3 сағат (көп дегенде 6 сағат) «терапевтік уақыт» деп аталады. Өйткеніі, бұл кездері мидағы өзгерістердің бетін бері қайтаруға болады. 
Міндетті түрде жедел жәрдемді шақыру, әрі аурудың белгілері жайлы нақты, толық мәлімет беру керек, сол кезде арнайы неврологиялық бригаданы жібереді.

Дәрігерлер келместен бұрын науқасқа дәрігер келгенге дейінгі көмек көрсетілуі тиіс.
Бұл мидың одан әрі зақымдануына жол бермеуге септеседі. Ең алдымен, науқасты басы мен иығы көтеріліңкі болатындай етіп (бұрышы 30 градусты құрауы тиіс) жатқызу керек. Науқас үйде ауырып қалса, басы мен иығына жастық қойыңыз. Егер ұстама көшеде орын алса, бүктелген кеудешені пайдалануға болады. Науқасты басқа орынға ауыстырмаңыз (мәселен төсекке жатқызу), бұл қауіпті.
Науқасты қажетті таза ауамен қамтамасыз етіңіз. Ол үшін белдік пен көйлектің жағасын ағытыңыз немесе қалың киімін шешіңіз. Ғимаратта болсаңыз, терезе мен желкөзді (форточка) ашыңыз. Бөлмеден артық адамдар шығып, ішінде көмектесе алатындар ғана қалуы тиіс. Егер ұстама далада болса, адамдардың өз жұмыстарымен жан-жаққа кетуін сұраңыз. 
Лоқсу кезінде науқастың басын абайлап шетке бұрыңыз. Тұншығып қалмас үшін ауыз қуысын құсықтан тазалаңыз. Егер көп мөлшерде сілекей ағатын болса, басын ақырын ғана шетке бұрыңыз. 
Науқасқа қантамырларын ұлғайтатын дәрілерді, әсіресе – ішімдік беруге болмайды. Себебі, оларды қабылдаған соң мидың басқа бөліктеріндегі қантамырлар ұлғайып, зақымданған қан тамырларына қан дұрыстап жетпейді, осылайша инсульттің соңы ауырлап кетуі мүмкін.

Инсультті анықтау.

Инсультті анықтайтын 4 қадам бар: 
-адамнан күлуін өтініңіз (ол айтқанды орындай алмайды);
-қарапайым сөйлемді айтуын сұраңыз (сөйлеген сөзі түсініксіз);
-екі қолын көтеруді сұраңыз (қолдарын көтере алмайды болмаса жартылай ғана көтереді);
-тілін шығаруды өтініңіз (егер тілі қисайған немесе қайырылған болса, ол да инсульттің белгісі).


Инсульт кезінде алғашқы жәрдемді дұрыс беру арқылы адамның өмірін сақтап, инсульт салдарын азайтуға болады. Сондықтан әр азамат инсульттің белгілерін біліп, дәрігер келгенге дейін көмек көрсете алуы тиіс.

0 дауыс
Адам аяк астына талып калса? Ен алдымен бетинен шапалакпен уру керек болмаса су шашу керек болмаса калын агаш туып алп ауызына салп тилин устау керек агаш жакты устайтта тилин тистеп калмау ушин сосын талган адам 3-5 ози есине келеди. Билетиним осы:)
...