+1 дауыс
18.2k көрілді

Табын руынан шыққан адамдар боласа, маған табын руының тарихы және ол жайлы барынша көп мәлімет тауып, не білетініңізді жазып бере аласыздар ма? Алдын ала алғысым :) 

Сұрақ қоюды үйренейік, достым. https://surak.baribar.kz/erezhe толығымен оқып шық. "Ерінгеннің ертеңі бұлтты" демеп пе еді ата-бабаларымыз ?!)  _Ілмекті толығырақ, барлық сөзді қазақ тілінде.. пунктуацияны ұмытпалық, сауатты жазалық. Сәттілік. Ескерту! {ескерту шегі 1 рет, әрі қарай жазалау  амалын қарастырамыз}

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Тaбын— ( моңғ.табын— бес) Кіші жүздің Жетіру бірлестігіндегі ру.Ақтобе облысында, Маңғыстау өңірінде, Сырдарияның төменгі ағысы мен Жайық бойында көптеп шоғырланған, біраз бөлігі Қарақалпақстанда тұрады.Cондай-ақ башқұрт ұлтында да Табын атты ру бар. Негізгі таңбасы — тарақ — атбегі маңсабын бейнелейді. Орда-Ежен ұрпақтары — төре руының таңбасына ұқсас. Кіші жүзде табындарды « Ноқта ағасы»деп төрелерден соң екінші дәрежелі санап төрге отырғызған. Табын руы - белгісіне қарай үшке бөлінеді: тарақты, шөмішті, көсеулі болып. Шөміштілер негізінен Ақтөбе мен Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының жерін жайлаған, көп бөлігі аштық кезінде Қарақалпақстан жеріне ауып, сол жақты мекендеп кеткен, қазіргі күнде Ақтөбеде тұрады. Қазір Қарақалпақстанға кеткен Табындардың 80 пайызы Отанға қайтып көшіп келді. Қызылорда өңірінде де Табындар бар, олар не найзалы тарақтылар. Шығу тегі Аңыз бойынша Тәуке хан Орта жүздегіаз халықты Жетіруды алшындарға(бұрыңғы ноғайлыларды) қосып Кіші жүзқұрған. Тарихи деректер бойынша табындар Шыңғысхандыақ киізге көтерген 24 моңғол тайпасының арасында болыпты. Аңыздар бойынша табындардың көсемі Майқы би Шыңғысханмен ант ішкен. Көнетүркі тілінде қазіргі Тибетжері Тобот,Тобон,Табын деп аталған. Ал қытай мемлекетінТабғачдеп атаған. Табғачтар, немесе қытайдың тарихи деректерінде тоба,тубатұнғыс-манзу тайпалары арасынан шыққан қазіргі Ішкі Моңғолияда көшкенхалық. Тобалар көсемі Тоба Гуй Солтүстік Қытайды иелеп Солтүстік Вей (386-535) әулетін құрған. Табын деген рулар ноғайлар, өзбектер, башқұрттар (жұрттыңүштің екісіне таман) арасында бар.Сібірдегі Көшім ханның мемлекетінде табындар атажұрт болған, бас қаласы Чинги-Тура (қазіргі Түмен). Ресейдегі Красноярск өлкесіні ңоңтүстігі 19 ғ. аяғына дейін Табын ұлысы деп аталған. Табын-Богдо-Ола деген жерде Моңғолия, Ресей, Қытай елдерінің шекаралары бітісіп тұр. Осының алдындағы ру сияқты, ол туралы да алғашқы деректерді біз А. Тевкелевтен ғана кездестіреміз. Ел арасынан жинаған мәліметтер мен Тынышбаев келтірген табын руының жаманкерей, бозым, бегім және қайырқожа деген төрт тармағы бар. Табындардың таңба белгілері әр түрлі. Жалпы ру таңбасы (тостаған); сонымен бірге табындарда тағы да (шөміш, шөмішті табын тармағында), (тарақ, тарақтытабын тармағында)және (әліп) таңбалары бар. Жалпы рудың таңба белгісін жалғастыру бізді тағы да дулаттарға (Ұлы жүз) әкеледі, оларда да жалпы тайпалық белгі дәл осындай, алжәне белгілері дулаттардың кейбір руларының таңбалары мен албан тайпасьның таңбасынан еш айырмасы жоқ. Табын руы Ұлы жүзден шыққан деп жорамалдауға болады. Бұған дәлел ретінде табын руында да, албан тайпасында да бозым руы бар екенін көреміз. | (көсеу) таңбасы қаңлы тайпасының (Ұлы жүз) таңбасына, ал (тарақ) таңбасы нақ сол жүздегі жалайыр тайпасының таңбасына ұқсайды және тарақ таңбасының жалайыр тайпасынан шыққанын табын руы шежіресі нұсқаларының бірі көрсетеді. Табындардың тегі аралас екенін оларда бірнеше ұран болуы да көрсетеді. Гродековте бар мәліметтер бойынша, Сырдария табындарының ұрандары «Сәрке» және «Тостаған», ал ел арасынан жинаған мәліметтер бойынша, батыс табындарының ұраны «Алаш». С. И. Руденко өз еңбектерінің бірінде моңғолдарға дейінгі уақытта, аңыз бойынша, башқұрттар он екі руға бөлінген деп жазады. Бұдан әрі ол осы рулар, ішінде табындар да болған деп көрсетеді. Жоғарыда айтылғандардың бәрін, сондай-ақ С. И. Руденконың деректемесін ескере келгенде, табын руьның тарихын былайша негіздеуге болады. Монғолдардың шапқыншылығынан көп бұрын қазіргі Батыс Қазақстан мен Оралдың арғы жағындағы далаларда басқа тайпалар мен рулар арасында сол кезде-ақ жергілікті табын тайпасы болып, ол саяси немесе экономикалық сипаттағы әлдебір жағдайлардың әсерінен бөлініп кетуі ықтимал. Оның бір бөлігі солтүстікке, қазіргі Башқұртстан аумағына барып, Ибн Фадман айтқан Башқұрт халқының құрамына енген. Моңғолдарға дейінгі уақыттың өзінде-ақ башқұрттар құрамына табындардың енгенін біз бұдан бұрын көрсеткенбіз. Алайда табындардың көпшілік бөлігі өзжерінде калын, монғолдардан кейінгі кезеңде руының атын сақтап қала отырып, Ұлы жүз тайпаларынан шыққандарды өз құрамына қабылдаған болуы мүмкін. Ал ұлы жүздіктердің қосылған бөлігі олардың ру атын қабылдап, оларға өз таңбаларын берген. Табын руының едәуір бөлігі, атап айтқанда, бозым (төртұл) Орта жүздің керей, найман және арғын сияқты ірі тайпаларының құрамына енген,олардың арасында төртұл және өзбектер құрамына енген (локайлар) да аталады. Ақпарат http://kk.wikipedia.org/ сайтынан алынды.
...