+1 дауыс
1.3k көрілді
Блендердің қандай түрлері бар? Қуаттылығы қанша вольттығы жақсы? Қалай таңдаймыз?

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Блендер дегеніміз не?

Ас үйдегі тірліктің бірсыпырасын жеңілдететін құрылғының бірі — блендер. Ол жаңғақты үгітіп, коктейль  қоспаларын араластырып, етті тартып және басқа да қызметтерді орындайды.

1. Стационарлы блендер
Бұл құрылғыны жұмыртқаның ақуызын немесе коктейль араластыруға қолданады.

Бір қызығы, осы стационарлы блендерді Еуропада «шейкер» деп атайды. Ұнтақтағыш блендермен салыстырар болсақ, мұны қолмен ұстап тұрудың қажеті жоқ, тек тетігін бассаңыз болды, блендер бәрін өзі «қатырады». Әрі арзан, сондай-ақ оны жумайсың, стационарлық блендердің көп түрінде өзін-өзі тазартатын функциясы болады. Бұл функция қарапайым әрі тиімді, блендердің өткір пышақтары қолыңызды кесіп кетпеуін қамтамасыз етеді.

Блендерді жуып-тазалау үшін оның ыдысына қанжылым су құйып, оны токқа қосыңыз. Тез әрі оңай.

Стационарлы блендердің тағы бір ерекшелігі — оның ыдысында. Шыныдан және пластмассадан жасал-ған екі түрінің де жақсы және жаман жақтары бар.

Блендер қуаттылығы мықты болса, соғұрлым тапсырмаларды тез орындайды.

Ұсынылған қуат диапазоны 300-600 Ватт болса, сонда мәселен, сүтті коктейльді (сүт, балмұздақ және шырын) 15-20 секундта әзірлеп береді.

Қазір стационарлы блендер өндіретін «Philips», «Tefal», «Moulinex», «Kenwood», «Bosch» секілді компания-лардың өнімдері сауда нарығында «хит» болып жүр.

2. Ұнтағыш блендер
Мұндай құрылғы көп жағдайда белгілі бір тағам құрамына қатысты өнімдерді ұсақтауға, ұнтақтауға пайдаланады. Егер сіздің сәбиіңіз болса, балалар пюресі мен ботқасын санаулы секундтарда әзірлеуде таптырмас көмекші құралыңыз болмақ.

Сіз көп шаруа істесеңіз де, өте қолайлы, әрі аз орын алады. Блендердің бұл түрі көкөністер мен жеміс-жидектерді ұсақтап турауға, аз етті тартуға және басқа да сол секілді ұсақтау жұмыстарына арналған. Алайда оның бір кемшілігі: оны қолмен ұстап тұруың қажет. Әсіресе, шаруа бастан асып жатқан кезде, қолыңыз да шаршайды.

Егер құрылғының тұяғы пластмассадан жасалса, онда блендер арзан. Ал темір тұяқ — ыстық тағамдарға ұзаққа шыдайды.

Қуаттылығы мен жылдамдығын да ескергеніңіз дұрыс, сол кезде қолыңыз да талмайды.

Кейде сатып алған кезде құрылғыға қоса қосалқы нәрселер қосып беріледі. Оған көп алдана бермеңіз. Одан да таңдаған ас үй мүлкінің күнделікті қолданысқа жарайтынына аса мән бергеніңіз абзал.

Қазір сауда нарығында «Philips», «Bosch», «Siemens», «Braun» компанияларының белгісі бар ұнтағыш блендерлер кеңінен таралған. Блендердің бұл түрі стационарлыдан гөрі қымбат.

...